Коронавирус табылған лайнердегі қазақстандықтар елге оралды

Жарияланды
Олар 14 күн карантинге жатқызылады

Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтар өткен сенбіде елге оралды, олар 14 күн карантинге жатқызылды, деп хабарлайды Интерфакс агенттігі. 

«Олар сенбі күні таңғы сағат алтыда SCAT әуе компаниясының Токио – Нұр-Сұлтан бағытындағы рейсімен елге оралды», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп. 

Бұған дейін Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтардың бәрі жерге түсіп, тест тапсырғаны хабарланған. Тест теріс нәтиже көрсеткен. 
 

Сондай-ақ оқыңыз