Қазақстанда лоторея ойнатқандарға айыппұл салынады

Жарияланды
Сонымен қатар, «Сәтті Жұлдыз» операторынан басқаның жарнамасына рұқсат жоқ

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын ҚР  Парламент Мәжілісінің депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасын палата отырысында Спорт және туризм министрі Ақтоты Райымқұлова таныстырды. 

«Бұл норманы енгізудегі басты мақсат – бүгінде кеңінен таралған заңсыз лоторея жарнамасының алдын алу. Лотерея атын жамылып алаяқтық қызметті жүзеге асырудан және жарнамада жалған лотерея қызметі туралы ақпарат таратудан ҚР азаматтары қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай, лотерея операторынан басқа жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады»,– деді министр. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілетін өзгерістерге сәйкес, лоторея операторы емес адам құқық бұзса, бірінші рет ескерту жасалады. Ал бір жыл көлемінде осындай жағдай тағы қайталанса, 200 АЕК  (530,2 мың) көлемінде айыппұл салынады. 

«Жеке тұлғаларға 200 АЕК-тен жоғары айыппұл салынса, шағын бизнес пен коммерциялық емес ұйымдар үшін – 700 АЕК, орта бизнес үшін – 1000 АЕК, ал ірі бизнеске 1000 АЕК көлемінде айыппұл салынуы мүмкін», – деді Ақтоты Райымқұлова. 

Министрдің айтуынша, соңғы 3 жылда заңсыз ұтыс ойнатылған 647 жағдай анықталып, 320 қылмыстық іс қозғалған. Лоторея мен ойын өткізілетін 571 орын жабылып, 10 мыңнан астам құрал-жабдықтар ( ойын үстелдері, компьтерлер, терминалдар) тәркіленген.

«Лоторея және лотореялық қызмет туралы» заң 2018 жылғы 9-сәуірде қабылданған. Одан бері заңнамалық тұрғыдан шешілуі тиіс бірқатар түйіткілдер анықталған. Аталмыш заң жобасы бойынша, Азаматтық кодекс пен Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске, «Жарнама туралы» және «Лоторея және лоторея қызметі туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек. 

Қазірге кезде лоторея өткізетін жалғыз оператор –  «Сәтті Жұлдыз» АҚ. 

«Үш жыл ішінде лоторея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыстарды төлеу, Қазақстан бюджетіне салық төлеу, спортты дамытуға төлемдер, сондай-ақ үш мыңнан астам шағын бизнес субъектілеріне қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын құру мәселесін қамтамасыз етті», – деді Райымқұлова.

Сондай-ақ оқыңыз