Израиль жолаушылар лайнерін атып құлата жаздады

Жарияланды
Бортында 172 жолашы бар ұшақты оқ дару аумағынан алып шығу мүмкін болды

Израиль истребительдерінің Дамаск қаласының маңына жасаған авиасоққысы жолаушылар лайнеріне қауіп төндірді, деп хабарлайды ТАСС.

РФ Қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенковтың айтуынша, бортында 172 жолашысы бар Airbus-320 лайнері Израиль әуе-әскери күштерінің авиа шабуылы кезінде Сирия Әуе қорғанысы жүйелерінің соққысына ұрынуы мүмкін еді. Дегенмен ұшақты оқ дару аймағынан алып шығып, ресейлік «Хмеймим» базасына қондыру мүмкін болған.

«Израиль бас штабының әуедегі әскери операцияларды өткізу кезінде бортында жолаушылары бар азаматтық ұшақтарды қорғаныс немесе сириялық әуе қорғанысы күштерінің қарымта соққысын бұғаттау үшін пайдалануы израильдік әскери-әуе күштерінің өзіндік ерекшелігіне айналып барады», – деді сөзін нақтылай түскен Конашенков.

6-ақпанда Израиль әскери-әуе күштерінің Дамаск қаласының маңына төрт F-16 истребительдерімен соққы жасағаны хабарланған. 

Сондай-ақ оқыңыз