979 просмотров

Экс-глава Минздрава призвал казахстанцев отказаться от поездок в Италию

Жаксылык Доскалиев подчеркнул риск летальных исходов

Фото: Shutterstock

Те казахстанцы, которые не прислушаются к рекомендациям не лететь в Италию и другие страны с высоким числом заболевших коронавирусом, рискуют заболеть и погибнуть от него. Об этом предупредил бывший министр здравоохранения, доктор медицинских наук Жаксылык Доскалиев.

«Нужно сказать и об ответственности самого человека. Люди должны, как никогда, проявить свою ответственность, чтобы не заразиться и не завезти в страну данную инфекцию. Главный санитарный врач страны называл те страны, куда нежелательно ехать», – сказал он.

По его мнению, нужно прислушаться к данным рекомендациям.

«Нужно прислушиваться. Не нужно ехать в Италию, потому что риск заболеть очень высокий. Риск погибнуть тоже очень высокий. Жизнь дается человеку один раз. И не стоит рисковать ею без причины», – сказал Доскалиев, призвав казахстанцев прислушиваться к рекомендациям министерства здравоохранения и следовать указанным рекомендациям. «Минздрав стоит на страже здоровья наших граждан, эта прямая обязанность ведомства».

Он отметил, что в Казахстане развернуты койки для карантина.

«Благодаря этим мерам на сегодняшний день в Казахстане больных коронавирусом нет», – сказал Доскалиев.

По его словам, о коронавирусе Казахстану стало известно еще в декабре прошлого года, и уже с 3 января началась подготовка.

Доскалиев напомнил, что несколько лет назад в мире свирепствовали птичий и свиной грипп.

«Тогда также были приняты аналогичные беспрецедентные меры, и они принесли определенный успех. Тогда инфекция не зашла в Казахстан. Сейчас делается то же самое, но в более усиленном варианте.

Кроме того, Казахстан прекратил воздушное и наземное сообщение с Китаем. Вот такими профилактическими мерами мы можем способствовать тому, чтобы инфекция в страну не попала», – сказал он.

banner_wsj.gif

17 просмотров

Карантин кезінде жұмысшыны ақысыз еңбек демалысына жіберу заңды ма? Министр көптің көңіліндегі сұрақтарға жауап берді

Жеке үй ауласында іс-шара өткізу де қылмыс болып саналмақ

Фото:kursiv.kz

Карантин кезінде елімізде біраз азаматтар тұрақты жұмысы мен табысынан айырылды. Түбегейлі жұмыстан кетпегендер ақысыз еңбек демалысына жіберілді. Әділет министрі Марат Бекатаев еңбек саласындағы осы үрдістің қаншалықты заңды екеніне тоқталды. 

Бекетаев ТЖ кезінде несие төлемін кейінге шегерген азаматтардың министрлікке жиі хабарласып, шағым білдіріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, азаматтар банк белгілеген артық төлемдер үшін шағым айтқан. 

    «Алайда бұл мәселе бойынша біздің ведомство шешім қабылдай алмайды. Ал карантин басталған кезде жеке сот орындаушыларына онлайн-сатып алу, транзакция жасау, шоттарға тыйым салу және бұғаттау бойынша қатаң шаралар қолданбау туралы нұсқау берілгені рас. Тыйым салынған мүлікті сату бойынша аукциондар да тоқтап тұр» деді ол. 

Министр қазақстандықтардың медициналық деректері ұрланды деген мәлімдемеге де жауап берді. Ондай мәлімдемені кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы (ЦАРКА) жариялаған болатын. 

    «Біз барлық деректер базасын тексеріп шықтық. Мемлекеттік базада ондай ештеңе болмаған. 1340.kz деп аталатын жүйеде жеке тұлғалардың деректері мемлекеттік базамен біріктірілмеген. Деректер базасы кесірінен мәліметтер ұрланды деген ешқандай қисынға келмейді. Егер олардың арасында интеграция болмаса, онда деректердің ұрлануы тіпті мүмкін емес. Ал деректер базасын қорғау бойынша министрлік жүргізетін шараларға келсек, мемлекеттік органдардың серверлік орталығында орналасқан бұл жүйе жедел ақпараттық қауіпсіздік орталығына қосылған. Жедел орталық ақпараттық жүйеде тәулік бойы мониторинг жасап, ұлттық ақпараттық қауіпсіздік үйлестіру орталығымен бірігіп жұмыс істейді» дейді министр. 

Еске салсақ, осыған дейін кибер шабуылдарды зерттеу және талдау орталығы 2020 жылдың өзінде жеке тұлғалардың интеграцияланған мемлекеттік деректер базасында 24,5 мың телефон қоңырауларының аудиожазбасы мен ондаған гигабайт болатын жеке мәліметтер жиналып қалғанын жария еткен болатын.

«Бұл ақпараттар жарты жылдан бері авторизациясы да жоқ кез-келген қолданушы үшін қолжетімді болып келе жатыр. Осылайша денсаулық сақтау министрлігі жинаған орасан мол ақпаратты оңай алуға жол ашады» деп жазған болатын аталған ұйым Телеграм каналында. 

Министрлік басшысы алимент мәселесін де айналып өткен жоқ. Оның айтуынша, алиментті дер уақытында төлемеу бойынша 908 іс ішкі істер органдарына жіберіліп қойған. 2020 жылдың 6 айында алимент өндіру туралы 210 мың іс өндірісте болған. Сондай-ақ алимент төлемі бойынша қор құрылып жатқанын, бірақ оның әлі жинақтау кезеңінде екенін де жария етті. 

    «Бұл әлеуметтік қор республикалық жеке сот орындаушылар палатасының базасында құрылды. Оның тұрақты жұмысын жүргізу үшін қаржы жинау кезеңі іске асырылуда. Ақшаны бөлістірмес бұрын алдымен жинап алу керек. Ақша бәрібір жеткіліксіз болғандықтан оны барлық мұқтаж адамға тарату мүмкін де емес. Ол үшін арнайы комиссия құрылған. Комиссияны бұрынғы сенатор Серік Ақылбай басқарады. Комиссия құрамында өзге де ықпалды адамдар бар. Комиссия көмек үлестіру бойынша нақты шешім қабылдап отырады. Қаржы ең мұқтаж жандарға ғана жіберілмек. Біржолғы төлем бойынша шектеулер болады. Ондай төлем көлемі 1 млн теңге шамасында болуы мүмкін. Нақты есебін жинақтау кезеңі біткен соң жариялаймыз» деді Бекетаев. 

Сондай-ақ министрдің айтуынша, қызметкерді мәжбүрлеп ақысы төленбейтін демалысқа жіберу заңды болып саналмайды. Тек жұмыс беруші мен жұмысшы өзара келіскен жағдайға ғана бұл шаруа заң аясында реттелген болып есептелмек. Сондай-ақ ведомство басшысы бекітілген санитарлық талаптарды аяқ асты етудің соңы әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратынын да айтты. 

    «Маска тақпай дүкен, дәріхана, нысандарға кірер болсаңыз сізге айыппұл салынады. Нысан иесі сізді маскасыз ішке жібермеуі мүмкін. Жіберген жағдайда олардың өзі жазаланады. Сондай-ақ жеке үй ауласында да іс-шаралар өткізу қылмыс ретінде қарастырылады. Алғаш рет солай істесе 83 мың теңге айыппұл салынады. Екінші рет қайталанып, оның соңы адамдарға жаппай жұқтыруға ұласса онда 2000 АЕК айыппұл салынады немесе айыпталушы 10 жылға бас бостандығынан айырылады. ТЖ кезінде белгіленген талаптар мен шектеулерді бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы негізінде жауапкершілік туындайды. Ал гигиеналық нормативтер талабын бұзған азаматтар 425-бап негізінде жауапкершілікке тартылады. Аталған санитарлық ережелерді денсаулық сақтау министрі 5 шілдеде бекітті» деді» деді министр. 

P.S. Еліміздің кез-келген азаматы туындаған барлық құқықтық сауалдар бойынша мына телефонға хабарласып, мән-жайды біле алады: 119, +7 (7172) 58-00-58. WhatsApp: +7 708 693 56 31. 


 

banner_wsj.gif

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Читайте свежий номер

kursiv_uz_banner_240x400.jpg