Diamond Princess лайнеріндегі қазақстандықтар жақын күндері елге оралады

Жарияланды
Олар коронавирус инфекциясын жұқтырмаған

Ақпанның басынан Жапонияның жағалауында тұрған Diamond Princess лайнеріндегі жолаушыларды сыртқа шығара бастады. Бұл туралы сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мәжіліс кулуарында айтты. 

«Біздің азаматтар коронавирус жұқтырмаған. Оған лайнердегі өткізілген тест нәтижесі дәлел.  Бүгін 14 күнге созылған карантин бітті,  жолаушылар лайнерден шығарыла бастады. Жерде  жолаушылар тағы қосымша тексерістен өтеді. Оның нәтижесі дұрыс болса, оларды қайтарамыз», – деді ол. 

Бұл ретте министр қазастандықтар  жол шығынын өздері көтеретінін айтып өтті. Тілеуберді мырзаның айтуынша олар жақын уақытта отанына оралады. 

Diamond Princess лайнері 20 қаңтар күні Жапоннияның Иокогам қаласынан Кагосима – Гонконг – Окинава бағыты бойынша екі апталық круизге аттанады. Алайда Гонконгта жағаға шыққан жолаушылардың бірі коронавирус жұқтырғаны анықталды. 3 ақпанда круиз кемесіндегі барлық жолаушыларды тексеру үшін  ол Иокогама портында қалды.

 Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігі лайнерді 14 күндік карантинге қалдыруды талап етті. Лайнердегі жолаушы инфекция жұқтырғаны анықталған сәтте бортта шамамен 3,7 мың жолаушы мен экипаж мүшесі болған. NHK телеарнасының мәліметтері бойынша круиз лайнерінде коронавирус жұқтырғандардың  жалпы саны 454 адамды құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз