Тоқаев Қазақстандағы биліктің келесі берілуі туралы айтты

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қазақстандықтар еңбексүйгіш ұлт болу керек

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев басқару билігі басшылардың жаңа ұрпағына берілетін күннің алыс емес екендігі туралы айтты

«Шын мәнінде, барлық өміріміз білім алудан тұрады. Біз елімізді өркендеуші әрі табысты ету үшін үздіксіз жұмыс істеуіміз керек. Масаттанушылыққа жол берму керек.Біз еңбексүйгіш халық болуымыз керек, иә, еңбексүйгіш халық. Қазіргі басшылар ұрпағы, оның ішінде, сіздер билікке келетін күн алыс емес. Біз басқару билігін сіздерге береміз, бірақ сіздер сол билікті қабылдауға дайын болуларыңыз керек», – деді ол 15-қаңтарда Ақордада жастардың  президенттік кадр резерві өкілдерімен кездесу барысында.

Президенттің пікірі бойынша, жаңа басшылардың тиісті біліктілікк пен білімге ие болғаны жөн.

«Біздің жастар мемлекет дамуының жаңа тарихи кезеңіне дайын болу керек. Көп ретте орын алатындай, кеудемсоқтық білім мен біліктіліктен жоғары тұрмау керек. Бізде кеудемсоқтық білімнің алдында жүреді, ал мен керісінше жасағанды жөн көремін, білім әрқашан алда ал кеудемсоқтық артта болу керек», – деді Тоқаев.

Дегенмен президент тиісті кеудемсоқтықтың да болғаны жөн деген пікірде.

«Бұл атаққұмарлық мәселесі, бірақ бәрібір білім алда болу керек, тек білім негізінде қоғамдағы орындарға ұмтылуға болады, ол мемлекеттік аппарат, квазимемлекеттік, тіпті, бизнес болса да. Өз кезегімізде, мемлекет және мен, Қазақстан Республикасының президенті ретінде, сіздерге жанжақты қолдау көрсетеміз, неғұрлым дарынды, неғұрлым табысты адамдарды іріктеп, оларды, мемлекеттік аппарат жүйесінде басқа жүйелерде мәнсап баспалдақтары бойынша ары қарай көтереміз», – деді ол.

Мемлекет басшысы президенттік кадр резервіне қатысушыларды елімізді жаңа белестерге көтеретін патриоттар шоғыры ретінде қарастыратынын атап өтті. Оның пікірі бойынша, резервтегілер еліміздегі ең ауқымды трансформациялардың барлығы нақты ауылдағы, қаладағы, аймақтағы, саладағы шағын өзгерістерден басталатынын түсіну керек.

«Әр адам өз орнында, атқарып отырған лауазымына қарамастан, еліміздің жаңару процесіне өзінің жеке  үлесін қосу керек. Міне, сол үлес сіздің жеке табысыңыздың бастауы болады… Сіздер жаңа жағдайда Қазақстанды құру ісін жалғастырасыздар, ал бұл үшін білім мен біліктілік қажет болады. Оларсыз басқарушылық ортада табысқа жету мүмкін емес», – деді Тоқаев.

Осы орайда, ол білім алу процесінің оқу орнын бітірген соң, аяқталмау керек екнін еске салды.

Сондай-ақ оқыңыз