Перейти к основному содержанию

1073 просмотра

Павлодар облысы әкімінің қайда екені белгілі болды

Әкімдіктегілер оның жұмыс сапарында жүргенін хабарлады

Фото: Instagram

Бақауов және оның орынбасары Арыстан Қабыкенов әдеттегі тәртіппен жұмыс істеп жатыр, қазірге кезде олар жұмыс сапарында.

«Қазіргі таңда облыстық әкімдіктің басшылығы әдеттегі тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Облыс әкімі өз орнында, бірақ ол жұмыс мәселелерімен қалаға шығып кеткен. Таңертең ол инвесторлар үйінде мәжіліс өткізу керек болатын, бірақ жұмыс кестесінде қарбалас орын алғандықтан кездесуді оның орынбасары Арыстан Қабыкенов өткізді», – деп хабарлады аймақ басшысы баспасөз қызметінің жетекшісі Ернар Сейітахмет.

Осы орайда, Павлодар облысының сотындағылар аталған мемлекеттік қызметшілерге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану жөніндегі материалдардың түспегенін хабарлады.

Естеріңізге салсақ, сәрсенбі, 15-қаңтарда БАҚ-та Павлодар облысы әкімінің өзінің көмекшісі және орынбасарларының бірімен бірге Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан қамауға алынғаны туралы ақпарат жарияланған-ды. Кейінірек әкімдік осы хабарламаларға қатысты пікір білдірген болатын. 

banner_wsj.gif

139 просмотров

Әскери жиынға кімдер шақырылмайды?

Қорғаныс министрі арнайы қаулының мән-жайын түсіндірді

Фото: Асқар Ахметуллин

Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Бүгін ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев арнайы жиынға кім шақырылып, кім қалыс қалатынын түсіндірді. 

Министрдің айтуынша, арнаулы жиындарға әскери міндеттілер мен әскери қызметке жарамды азаматтар шақырылады. Әскери жиындар 10 күннен үш айға дейін созылуы мүмкін.

"Бұл жарлықтың негізгі мазмұны – әкімдерге әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыруға құқық және мүмкіндік беру. Басты мақсат – халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау. Аталған жарлық әкімдерге аумақтық әскерді толығымен жинауды міндеттемейді», -деді ол.

Әскери міндеттілер тек тұрғылықты жері бойынша ғана шақырылады, басқа аймақтарға жіберілмейді.  

"Қашықтан жұмыс істеу әскери міндеттіні арнаулы жиындардан босатпайтынын ескерген жөн, дегенмен әкімдіктер шақыртуды жағдайға қарай икемдеп береді. Барлық шақырылғандар міндетті медициналық тексерістен өтеді", -деді министр. 

Арнаулы жиынға:

-қорғаныс, құқық қорғау, қауіпсіздікке қатысты мемлекеттік органда жұмыс істейтіндер,

-мемлекеттік және азаматтық авиация қызметкерлері, 

-көктемгі егіс және күзгі жиын-терім  кезіне ауыл шаруашылығы саласында еңбек ететіндер,

-оқу жылында білім беру мекемелерінің педагог мамандары, 

-білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқып жүрген азаматтар,

-әскери міндетті әйелдер,

-18 жасқа дейінгі үш баласы бар азаматтар,

-тергеудегі немесе процессуалдық іске тартылған азаматтар,

-жергілікті атқарушы органдардың депутаттары шақырылмайды. 

Арайы жиынға шақыртылған азаматтарға жалақы төленеді. Жұмыс істеп жүрген азаматтарға бұған дейін алып жүрген жалақысының көлемінде, ал жұмыссыздарға ең төменгі айлық жалақы беріледі. 

 

 

 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif