Қазақстанның бір қатар қалаларына Минскіден авиарейстер қатынайды

Жарияланды
Ал Алматыдан Беларусь астанасына ұшақтар күнде ұшатын болады

Жазда «Белавиа» авиакомпаниясы Ақтау, Қарағанды, Павлодар және Қостанай қалаларына авиарейстер ашады, делінген ҚР Азаматтық авиация комитетінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі таңда авиакомпания 2020 жылғы жазда қатынайтын Минск – Ақтау, Минск – Қарағанды, Минск – Павлодар және Минск – Қостанай рейстеріне авиабилеттерді сатуды бастады.  

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы шілдеден бастап, Минск – Алматы бағытындағы рейстер күнделікті орындалатын болады.
 

Сондай-ақ оқыңыз