Қазақстандықтарға Қытайға барудан бас тарту ұсынылды

Жарияланды
Оған коронавирустың тарауы себеп болып отыр

Коронавирустан сақтану жөніндегі ұсыныстарды ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Десаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жасау жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин берді.

«Ең алдымен – адамдар көп жиналатын жерге барудың қажеті жоқ, әсіресе, желдеткіш жүйесі нашар жұмыс істейтін ғимараттар мен бөлемлерге, респираторлық сырқаттардың белгілері бар адамдармен араласпаңыздар», – деді қазақстандықтарға үндеу жолдаған еліміздің санитарлық бас дәрігері.

Вирустың жаңа түрін жұқтырмау үшін, Бекшин ҚХР-ге барудан бас тарту жөнінде кеңес берді. Егер Қытайға бару қажет болса, онда Ухань қаласы мен Хубэй провинциясына бармау ұсынылды..

Осы орайда, ол, әзірше, әңгіме Қытайға мүлдем бармау туралы болып отырмағанын қосты. Денсаулық сақтаудың дүниежүзілік ұйымы, әзірше, ондай қажеттік жоқ деген пікірде.

Сақтану шаралары ретінде қолды жиі жуу, ЖРВМИ-меннауқас адамдармен араласудан, қоғамдық орындарға барудан сақтану, сырқат белгілері пайда болғанда дереу емдеу мекемлерінің көмегіне жүгіну ұсынылды.

2019 жылғы желтоқсанның соңында қытайлық билік Ухань қаласында шығу тегі белгісіз пневмонияның өршігенін хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, пневмонияның жаңа түрінен 17 тұрғын қайтыс болды. Дертті жұқтырғандар саны 570 адамнан асса, олардың  95-і ауыр хәлде жатыр. 5,8 мыңнан астам адам карантинге жатқызылып, оқшуландырылды. Қазақстанда сырқаттың орын алуы тіркелген жоқ.

 

Сондай-ақ оқыңыз