БҚО тұрғындары 139 млн теңге жәрдемақыны заңсыз алған

Жарияланды
Олар өздерінің нақты табысын жасырған

Осы жылдың басына қарай, 261 отбасы заңсыз алынған ақшаның 24,4 млн теңгесін өз еркімен қайтарған. Қалғандары алынған жәрдемақыны сот шешімімен және мәжбүрлі түрде мемлекеттік орган бекіткен кестеге сәйкес қайтаруда. 

БҚО бойынша еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында түсіндіргендей, 2019 жылдың қорытындылары бойынша, облыстағы 3046 отбасы ешқандай негіз болмаса да атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алуға қол жеткізген. Жәрдемақы алуға құжат тапсырғанда бұл отбасылары өздерінің нақты табысын жасырған. Олар еңбекақы жөніндегі анықтамадағы соманы азайтып көрсеткен, отағасының жеке кәсібі бар екенін екөрсетпеген.

2019 жылы БҚО-да АӘК алу үшін отбасындағы әр адамның табысы күнкөріс шегінен аспау керек болатын: әр адамға айына 19 109 теңгеден айналу керек (өткен жылғы IV-тоқсанның қорытындысы бойынша).

БҚО бойынша Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының бастығы Алтай Құлқаев АӘК-ті заңсыз алып келген отбасыларына төлемдер жасау тоқтатылғанын, ал бұрын тағайындалғандарының қайта есптелінгенін айты. Соның нәтижесінде, БҚО-дағы 1250 отбасы бұрын заңсыз алынған 139 млн теңге сомасындағы жәрдемақыны бюджетке қайтаруы керек. 

261 отбасы өз еркімен 24,4 млн теңгені қайтарды. Тағы 413 отбасы біртіндеп өз берешегін өтеуде, 2020 жылғы қаңтарда олар 34,5 млн теңгені қайтарды.

Еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының мамандары 40 отбасын сотқа беруге мәжбүр болған, қазір оларға жәрдемақы ретінде төленген 6 млн теңге мәжбүрлі түрде өндіріліп алынуда.
 

Алтай Құлқ аев 2019 жылы БҚО-да 12 556 отбасына (бұл 60 804 адам, оның ішінде 34 840 балалар) 6,7 млрд теңге сомасында мемлекеттік жәрдемақы төленгенін еске салды. АӘК-ті алушылар арасында 3 429 көпбалалы отбасылар бар, оларда 15 430 бала лентәрбиеленуде.

Сондай-ақ оқыңыз