Бірлесіп ата-ана болу: махабатсыз және некесіз қалай балалы болуға болады?

Жарияланды
Онлайн-таныстықтың заманауи сервистерінің арқасында, балалы болу үшін өзіңе керек адамды кездестіре аласың, бірақ махаббаттың болуы шарт емес

Жалғызбасты ана Дженика Андерсен 37 жасында екінші рет балалы болудың қажеттігін сезген кезде, сол мақсатқа жетудің қолданыстағы нұсқаларын қарастыра бастайды. Джениканың алдында екі жол тұрды: мінсіз ер-азаматты күтуді жалғастыру немесе шәует донорын таңдау, содан кейін, баланы өз бетімен асырап, ер жеткізу.

Бірінші нұсқадан соншалықты көп үміт күтуге болмайтын еді. Шәует доноры туралы идея да оған соншалықты тартымды көрінбеді. Өйткені ол өзінің төрт жасар ұлындағыдай, бүлдіршіннің өз әкесі болғанын қалайтын еді. Бірақ біраз іздеулерден кейін, Андерсен тағы бір нұсқаны кездестіреді: жазылым бойынша кіруге болатын PollenTree.com және Modamily сияқты вебсайттарда ешқандай өліп-өшер сезімсіз-ақ, баланы асырап, ер жеткізу жөніндегі міндеттерді теңдей бөлісуге дайын болашақ ата-аналарды кездестіруге болады екен. Бұл ажырасуға ұқсайды, бірақ үйлену тойы, айырылысуға бастау болатын ұрыс-керістер болмайды. 

Қазіргі қоғамда жалғызбасты ата-аналардың мен онлайн-таныстықтардың кеңінен етек жайғанын ескерсек, бұл цифрлық өнімді сол үдерістің табиғи жалғасы ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар, кейбір мәлімдемелерге құлақ ассақ, мұны неке 

«Отбасын құрудағы мұндай тәсілдеме дау тудырады, соитутын қорлайтын шектен шыққан әрекет ретінде қарастыруға болады. ндықтан кейбір адамдар бұл идеяға қарсылық білдіруде. Бірақ қиялыңда бір-біріне өлердей ғашық болған әйел мен ер-азаматты сипаттау – опа әпермейді», – дейді Андерсен. Қазір ол 38 жаста және оның аяғы ауыр.

Әдеттегі жолмен отбасын құрып, ата-ана ретінде бірлесіп бала тәрбиелеу мүмкін болмаған жағдайда, технологиялар желөкпе сезімге берілмеген серік табуға көмектеседі. Қазіргі кезде адамдар бар уақытын мансабын құруға жұмсайды, сондықтан офистен тыс жерде сезімге беріліп, өзіңе лайықты адамды кездестіру қиындай түскен. Ал офистердің өзінде романтикаға тыйым салынған. Ал өмір сүру құны қымбаттай түскендіктен, көптеген адамдардың отбасын құрып, бала тәрбиелеуге, кемел жасқа келгенше, шамасы жетпейді.    Міне, осы факторлардың барлығы, АҚШ-тағы туу көрсеткішінің төмендеуіне әкеліп соқты. 

«Сіз Match.com немесе Tinder арқылы біреумен танысқанда, бұл қарым-қатынастың қайда жетелейтінін түсінгенше, жарты жылдай кездесіп, жүре бере аласыз. Бұл, әрине, жастар үшін қалыпты дүние, бірақ жасыңыз 35-те болғанда, сіз серігіңіздің балалы болуға қаншалықты дайын екенін білуге, уақытыңызды айлап жұмсай алмайсыз», – дейді Modamily-дың негізін қалаушы Иван Фатович.

Атап айтарлығы, қазіргі заманның осы мәселесін технологиялық тұрғыдан шешуге тек Дженика Андерсен сияқты жалғызбасты әйелдер ғана ықпал етпейді. 

«Уақыт әйелдерді ғана емес, сондай-ақ еркектерді де аямайды. Егер сіз жас маман болып табылатын қаншама гетеросексуалды ер-азаматтардың балалы болғысы келетінін білсеңіз, таң қалар едіңіз», – деді Лондонда қоныс тепкен PollenTree компаниясының негізін қалаушы Патрик Харрисон.

PollenTree ко-парентингке немесе бірлесіп ата-ана болуға – балаларды бірлесіп туу мен тәрбиелеуге жазудың аса ірі сайты болып табылады.  Сонымен қатар, сервис шәует және аналық жасуша донорларын табуға да қарсы емес.

Харрисон бірлесіп ата-ана болуға мүдделі клиенттердің, шамамен, 60%-ын әйелдер құрайтынын атап өтті. Ерлер аудиториясы жалғызбасты гей-ерлермен мен гетеросексуалдарға теңдей бөлінеді: олардың екеуі де әйелдермен балалы болуға талпынады екен. Сонымен бірге, өз балаларының өмірінде әкенің немесе ананың орны болғанын қалайтын бір жынысты жұптар да бар.

Бұл тез бітетін процесс емес: адамдар бір бірімен кездеседі, бір-біріне лайықтылығын анықтайды, одан кейін, бірлескен қамқорлықтың техникалық және құқықтық мәселелерін реттеу керек. Бұған айлар, жылдар кетуі ықтимал, бұл бизнес үшін, әлбетте, кірісті дүние. Мәселен, PollenTree мен Modamily АҚШ-тағы пайдаланушыдан неғұрлым ұзақмерзімдік жазылымдарға жеңілдіктермен айына $30 сомасындағы ақы алады.

Бұл сайттардың екеуі де өз пайдаланушыларында соттылықтың бар-жоғын тексермейді, бірақ Лос-Анджелесте қоныс тепкен Modamily клиент сайтта кездестірген адамын тексергісі келетін жағдайлар үшін осындай сервистердің бірімен әріптестік орнатқан. PollenTree өз пайдаланушыларының кім екеніне көз жеткізу үшін өз тексерулерін жүргізетіні туралы мәлімдеді. 

Modamily-дің негізін қалаушы Фатович орташа айлық жазылушы бес айға дейін белсенділік танытады дейді, алайда $119 тұратын жылдық жазылымның жаңа жоспары танымалдыққа ие болуда. Оның айтуынша, компания инвесторлар үшін тартымды, өйткені ол таныстыққа арналған қосымшаны репродуктивті технологиялардың компанияларымен біріктіреді. Ал PollenTree-ге келетін болсақ, оның шеттегі инвесторлары жоқ.

Бала көтеру әдістемесі бірлескен ата-ананың қарым-қатынасына және олардың қалтасына байланысты: оларға табиғи жолмен бала көтеру, ЭКО және  жатыр ішіндегі таралу да жатады.
Мұндай кәсіпорынның табыстылығын өлшеу оңай шаруа емес. 2012 жылы іске қосылған сәттен бері, PollenTree 90 мыңға жуық жазылушы тартқан. Харрисонның бағалауы бойынша, бірлесіп ата-ана болу үшін танысулар нәтижесінде, 500-ден астам сәби дүниеге келген.

Осындай солқылдақ болашақты ескерген мен, осы тақырыпты қолға алғанда, бірлесіп ата-ана болу процесіне кіріскен адамдарды кездестірем деп ойлаған жоқпын.  Мен өзіне лайықты серік таппаған бірнеше адаммен сөйлестім. Андерсенмен өткен мамырда араласа бастадым, дәл сол кезде бала көтеруді жоспарлаған ол сәбиінің болашақ әкелерімен онлайн танысуларды бастаған болатын. 

Алдымен, ол өзі танитын ер адамдарды қарастырды, бірақ олардың ешқайсысы көңілінен шықпайды. Одан кейін, ол Modamily мен PollenTree-де кездестірген 10 ер-азаматпен сөйлесті. Бірінші баласы болғандықтан, ол өзі  геолог болып жұмыс істейтін Монтанада тұруға мәжбүр еді, сондықтан мүмкіндіктері де шектеулі болатын. 2019 жылғы сәуірде ол өзінен 10 сағаттық жердегі Британдық Колумбияның Ванкувер қаласында тұратын кинооператор Стефан Дювальмен хат алыса бастайды.

36-жасар Дюваль өз бұрын кездесіп жүрген әйелдердің балалы болуға ниетті болмағанын айтқан, сондықтан ол PollenTree-ның көмегіне жүгіну туралы байлам жасайды. Ол жерден ол балалы болуға ниет білдірген, өз өңірінде тұратын әйелді кездестіреді. Дюваль айтқандай, келіншек оған ғашық болып қалған, бірақ ол оның сезімін қабыл алмайды, сондықтан онымен қош айтысады. Бұдан кейін, ол PollenTree-де Дженика Андерсенмен хат алыса бастайды. Біраз уақыттан кейін, телефон арқылы сөйлескен соң, маусымда Ванкуверде бетпе бет кездесу туралы келіседі.

Нәтижесінде, олар өзара тіл табысады. Десек те, Андерсен басқа ер адамдармен сөйлесуді жалғастыра береді, бірақ өзінің айтуынша, ол алғашқы кездесуден кейін-ақ өз таңдауын Дювальға тоқтатады.

«Мен оның өмірде кездесетін сынақтарды еңсеруге қажетті тәжирибесі бар екенін сезіндім, атап айтарлығы, ол қалай болса да, амалын тауып бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге қабілетті. Сонмен қатар, ол ерекше ойлай біледі, ал бұл мен үшін өте маңызды. Мен, егер шаруа жоспардағыдай болмаса да, одан айырылғым келмейтінімді түсіндім», – дейді ол.

Дюваль Джениканың ұлымен кездесіп, оның қандай ана екенін өз көзімен көрген соң, онымен балалы болу туралы шешімін бекіте түсті. Айтуынша, ол Джениканың өзінің арқасында ұлының өз бетімен шешім қабылдауға қабілетті екенін бағалайтынын байқаған. 

«Бұл балалармен араласудың және оларды тәрбиелеудің тамаша тәсілдемесі», – деді ол.

Шілденің соңында Дженика Канадада тұратын Дювальдың ата-анасымен танысса, ал ол Монтанада тұратын Джениканың әке-шешесімен кездеседі. Олардың екеуі де өз отбасыларының өздерінің шешімін қолдағаны туралы айтқан. Бұл қарым-қатынаста Андерсен де, Дюваль да махаббатты қажет етпесе де, олар өз серігіне ғашық болып қалғандарын алға тартады. 

Сородительство-1.jpg

«Әңгіме сіздің алдағы 20 жылдық өміріңіз туралы болғанда, сіз қасыңыздағы адамды жақсырақ түсініп, оны шынайы бағалайтын боласыз», – дейді Дюваль.

Олардың әрқайсысы медициналық тексеруден өтіп, заңгерлерден кеңес алып, бір-біріне қаржылық жағдайы туралы мәліметтер берген.

Андерсеннің дәрігері одан перименопауза белгілерін байқап, бала көтеруге тезірек кірісуге кеңес береді. Дженика өзінің тамақтануын және жаттығулар тәртібін аздап өзгертеді, өйткені бұл өзі оқығандай, оның бала көтеру мүмкіндігін арттырады екен. Олар Дюваль екеуі ай сайын кездесіп жүрді, нәтижесінде, қазір Дженика  жүктіліктің 17-ші аптасын басынан өткеруде.

Қазір Дюваль мен Андерсен ары қарай не істеу керек екенін шешуде. Олардың дәстүрден тыс одағы некеге отырумен аяқтала ма екен? «Біз бұл туралы жиі әңгімелесеміз, бірақ бұл басты мәселе емес», – дейді Андерсен.

«Мен бұл туралы көп ойланып жүрмін, өйткені мен жан-тәніммен романтикпін, бірақ бұл қазір біз айналысып жатқан шаруадан маңызды емес», – деп мәлімдеді Дюваль.

Қазір бұл жұп өздерінің ата-аналық міндеттерін сипаттайтын заңды келісім жасауды жоспарлап отыр, олардың айтуынша, бала туғанға дейін олар ештеңе жасай алмайды.

Дженика мен Стефанның қызы оның ата-анасының алғашқы кездесуінен кейін бір жыл өткенде, яғни маусымда дүниеге келуі керек. 

Сондай-ақ оқыңыз