Бас прокуратура «Фоккер-100» ұшағының апатына қатысты қылмыстық істің мән-жайын айтты

Жарияланды (жаңартылды )
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Bek Air  әуе компаниясы ұшағының 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы түбінде апатқа ұшырауына қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барасында 300-жуық адамнан жауап алынды, деп мәлімдеді Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов. 

«Қазір тергеу жүріп жатыр. 300-ге тарта адамнан жауап алынды. Не болғаны, кім кінәлі екені, қандай қиындықтар бар – бәрінің мән-жайы анықталып, қорытынды жасалған соң, нақты шешім шығады», – деді ол 22 қаңтар күні журналистерге. 

Осы орайда, Ахметжанов қылмыстық істің аясында ұшақ апатына себеп болуы мүмкін барлық жайттар ескеріліп, тексеріліп жатқанын атап өтті.

«Ұшақ апатына байланысты қылмыстық іс: осы тергеу аясында осы қайғылы жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін барлық жайт, фактілер зерттеледі», – деді Ахметжанов.

Бұған дейін IATA Bek Air компаниясын белгілеу кодынан айырғаны хабарланған еді

Айта кетейік, 2019 жылдың 27 желтоқсан күні таңертең  Bek Air әуе компаниясының Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына бағыт алған ұшағы Алматы маңында апатқа ұшырады.  Таңғы 07 :22 кезінде № Z2100 рейсті ұшақ көтерілу биіктігін жоғалтып, бетон қоршауды бұзып, екіқабатты құрылыс нысанымен соқтығысқан. Әуе апаты салдарынан, 12 адам қаза тауып, 49 адам зардап шеккен. Ұшақ бортында 93 жолаушы мен экипаждың 5 мүшесі болған. 

Сондай-ақ оқыңыз