600 просмотров
600 просмотров

«Астана LRT ісі» бойынша күдіктілер қайда бой тасалап жүр?

Қазір оларды елге қайтару жөніндегі шаралар қолға алынған

Фото: Shutterstock

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұр-Сұлтандағы LRT желісінің құрылысы кезінде қаржы жымқырды деген күдікке ілінгендердің қай елде жасырынып жүргендерін біледі. Бұл турасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді. 

«Қазіргі кезде қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Қылмыскерлерге қатысты іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 5,7 млрд теңге көлемінде шығын келгені анықталды», – деді іс барысын айтып өткен Перов

Қылмыстық іс материалдарымен танысып болған соң, ол сотқа жіберіледі. Сот отырысы ашық өтеді. Спикердің айтуынша, істің мән-жайы мен оған қатысы барлардың аты-жөнін сот барысында білуге болады. 

Ал шетелде бой тасалап жүргендер қайтарылды ма деген сауалға Перов:  «әзірге ешқайсысы елге қайтарылған жоқ» деп жауап берді. 

«Жасырынып жүргендерді Интерпол да іздеп жатып, сонымен қатар олар бой тасалауы мүмкін елдермен де келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізде оларың қайда екені туралы ақпарат бар, бірақ тергеу мүддесіне сай, жарияланбайды», – деді ол. 

Аталмыш іс бойынша күдіктілердің арасында елорда әкімдігінің лауазымды  шенеуніктері, «Астана LRT» мен жеке компания директорлары бар. 

Айта кетсек, «Астана ЛРТ» ЖШС бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға 2019 жылдың жазында халықаралық іздеу жарияланған еді. 

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтандағы жеңіл рельсті көлік құрылысының жобасын қабылдауға жауапты барлық лауазымды тұлғаларды анықтауды талап еткен болатын. 


 

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook и Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер