Алматыда аудандық сот төрағасы ұсталды

Жарияланды
Ол пара алды деген күдікке ілінген

Алматықаласында Бостандық аудандық сотының төрағасы қамауға алынды. Фемида өкілі борышкердің Қазақстан аумағынантысқары шығуына рұқсат бергені үшін азаматтан қомақты көлемдегі пара алды деген күдікке ілінген. Бұл турасында Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлады.

«30-қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық аудандық сотының төрағасын қамауға алуға санкция берді», – делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер сот аталмыш сот төрағасының сотқа дейінгі тергеу амалдарын обьективті жүргізуге кедергі келтіруге мүмкіндігі бар деген уәжбен келісіп, оған қолдау білдіргенін атап өтті. 

«Аталмыш қылмысты Жоғарғы соттың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ішкі қауіпсіздік қызметі бөлімімен бірлескен жұмыстыңнәтижесінде мүмкін болды», – деді сөзін нақтылаған ведомство қызметкерлері.

 

Сондай-ақ оқыңыз