1012 просмотров
1012 просмотров

2-3 баласы бар отбасыларға жәрдемақы төлене ме?

Жыл басынан бері көп балалы отбасылар жаңа жәрдемақы алып жатыр

Фото: Аскар Ахметуллин

Егер 1-3 балалы отбасыларға, көп балалыларға тағайындалғандай, жәрдемақы төленетін болса, онда мемлекеттің әлеуметтік салаға бөлінетін қаржысы 15 есе артады. 

Бұл турасында вице-премьер Бердібек Сапарбаев мәлім етті. 

«Еліміздегі 1-3 балалы, тұрмысы төмен отбасылардың саны  – 190 мың. Ал бүкіл Қазақстан бойынша 1-3 балалы отбасылардың саны 2 400 мыңға жетеді. Бұл үшін 15 есе көп қаржы керек. Тағы бір жайт, жағдайы жақсы отбасыларға мұндай жәрдемақы төлеу қажет пе, жоқ па? Біз осы мәселені жан-жақты қарастырып жатырмыз», –деі ол мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында. 

Оның айтуынша, вице-министрмен кездескен көптеген азаматтар осы сауалды қояды. 

«Көп балалы отбасыларға арналған жаңа жәрдемақы тағайындалды, қазір оны 379 мың отбасы алып отыр. 1-3 бала тәрбиелеп отырған отбасылар оларға да дәл осындай жәрдемақы төлеу мәселесін көтеріп отыр. Біз министрліктермен бірге осы мәселені шешу жолдарын қарастырып, есеп-қисап жүргізіп жатырмыз, бірақ бұл мәселе бюджеттің мүмкіндігіне байланысты»,– деді Б.Сапарбаев.  

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook, Telegram и Яндекс.Дзен

kursiv_in_telegram.JPG


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

 

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер

rgo