Перейти к основному содержанию

853 просмотра

За чей счет украшают Нур-Султан к Новому году

Власти города рассчитывают на поддержку предпринимателей

Фото: Shutterstock

Аким Нур-Султана Алтай Кульгинов в СЦК рассказал, кто будет украшать город к Новому году в этом году.

«Сразу скажу, что новых елок мы не покупали. Свыше 50 елок, из них 70% (установлены - Курсив) частным сектором. Это большие торговые дома. Рядом они ставят свою елку. И мы с ними разговаривали, просили, чтобы они сами тоже создавали условия. Это им дает возможность привлечь клиентов. Нам - экономию бюджета», - сказал Кульгинов. 

Салюты, по его словам, проводятся не за счет бюджетных средств, а за счет спонсорских средств. 

По малым архитектурным формам, аким пообещал позже предоставить дополнительную более подробную информацию.

«Сейчас работа продолжается. Мы активно новогоднюю тематику начали после 16 декабря», - объяснил он.

Прокомментировал столичный градоначальник и вопрос относительно вырубки сосен и последующей их продажи накануне Нового года.

«Я вообще не покупаю елки, которые вырублены кем-то. Я думаю, это бесчеловечно. Мы, как работники акимата, знаем, сколько времени требуется, чтобы вырастить одну елку. Вы представляете, сколько труда людей ушло на то, чтобы вырастить одну елку? Это 10-15 лет, а вырубают за 15 минут, продают и через две недели их выкидывают. Это и вред экологии. Я использую дома елки из искусственных материалов, они красивые, их можно несколько лет подряд использовать. Тоже самое мы делаем в городе. Большие елки, которые мы конструируем, они из искусственного материала», - резюмировал аким столицы.

banner_wsj.gif

143 просмотра

Қашықтан оқыту 4 бағыт бойынша жүзеге асады 

300 мыңнан аса оқушы компьютермен қамтамасыз етіледі

Фото: Офелия Жакаева

Орта білім саласындағы қашықтан оқыту 4 бағыт бойынша жүреді деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

Бірінші бағыты – теледидар арқылы тиісті сабақтарды беру.

«Екі республикалық арна – "Ел арна" мен "Балапан"  келісімін беріп, осы жұмысты бастап кеттік. Осы арналар арқылы сабақтарды күнделікті график бойынша  беріп отыратын боламыз. Күніне 8 сағат. Жалпы IV тоқсанды жабу үшін 3360-тан астам телесабақ түсірілуі қажет. Қазіргі уақытта 300-ден астам сабақ түсіріліп дайын тұр», – деді министр.

Қашықтан оқытудың екінші бағыты – «Qazaq radiosy» радиосы арқылы оқыту. Телевизия сигналы жетпейтін ауылдарда  Қазақ радиосының үні жетеді. Сондықтан осы радиомен келісіп, оның эфирінде график бойынша сабақ жүріп отырады.

«Үшінші бағыт – пошта арқылы оқыту. Қазақстанда 1200-ден аса өте кішкентай елдімекен бар. Оларда тұратын оқушылардың саны – 5-10 бала және мектеп жоқ. Бұған дейін оларды мектепке күн сайын таситын. Енді бұл балалар да білім алуы керек, сондықтан почта арқылы да осы жұмысты жүргізетін боламыз», – деді бас мұғалім. 

Ал төртінші бағыт – интернет-платформа арқылы жұмыс істеу. 6 сәуірге дейін қашықтан оқыту платформалары толық дайын болуы тиіс. 

«Компьютер, интернеттің жетіспеуіне байланысты бірқатар мәселе туындап тұр. Ауылдағы мектептерде көбінесе интернет жоқ, интернетке қосу мәселесін жергілікті атқарушы органдар шешіп жатыр. Кейбір шағын қалаларда жалпы техникалық мүмкіндік болған күннің өзінде, үйлерінде компьютері жоқ оқушылар да жеткілікті. Олардың саны 300 мыңнан асады. Осы мәселені шешудің екі жолын көріп отырмыз. Біріншіден – мектеп балансындағы компьютерлерді балаларға уақытша пайдалануға беру. Мысалы, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары осы жұмысты белсенді жүргізіп жатыр. Айталық, Алматы қаласы 10 мыңнан астам компьютерді таратып үлгерді. Мектептердің компьютерлерін уақытша пайдалану бойынша арнайы актімен ата-аналарға, балаларға беріп жатырмыз. Екіншіден қосымша 80 мыңға компьютер сатып алынады. Тек оқушылар ғана емес, кейбір ұстаздарымыздың үйінде компьютер жоқ, соларды да тиісті құралдармен қамту мәселесі шешілуде», – деді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, мұғалімдер мен ЖОО ұстаздарының цифрлық сауатын арттыру мақсатында арнайы курстар өткізілген. 

«Бұл өте маңызды. Қашықтан оқытатын болғандықтан, біз мұғалімдердің цифрлық сауаттылығына үлкен көңіл бөлудеміз. Әр облыста қашықтан оқыту бойынша арнайы жобалық офистарды құрдық және БҒМ-да да осындай жобалық офис жұмысын жүргізіп жатыр. ЖОО-лар мен колледж жүйелерінің дайындық деңгейі мектептерге қарағанда жоғары десек те, осы мәселе бойынша мониторинг жүргіземіз. Өйткені қазіргі уақытта сабақтарды уақтылы өтуін, графикке сәйкес болуын бақылап отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов. 

Қашықтан оқытудың техникалық және әдіснамалық мәселелері бойынша 1450 нөмірі бойынша колл-орталықтың жұмысын бастайды. Өйткені ел бойынша 5 млнге жуық бала қашықтан оқыған кезде, бірқатар мәселе туындайтыны анық. 

«Бұған дейін бізде қашықтан оқыту форматы болмаған. Ол заңда да қарастырылмаған. Ең күрделі мәселе осы деңгей бойынша туындап тұр. Бұның алдында ешқандай техникалық дайындық болмаған, интернет-платформалар да жоқ еді. Басты назарды осы орта білім беруге аударып отымыз», – деп пайымдайды министр. 

Осы орайда қашықтан оқытуға қажетті техника, интернетпен қамтамасыз ету мәселесін назарда ұстап отырғанын жеткізді. 

Айта кетейік, мектеп оқушылар 16 наурыздан  каникулға шыққан болатын. Ал колледж бен ЖОО студенттері 16 наурыздан қашықтан оқып жатыр. Қосымша білім беру ұйымдары, музыка мектептері, оқушылар сарайлары жұмыстарын тоқтатып, кейбір үйірмелер ғана жұмысын қашықтан жүргізуде.

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif