Түркістан облысында сот пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланды
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы әкімшілік соты пара алды деген күдікке ілінді. Бұл турасында Сыбайлас жемқорллықа қарсы іс-қимыл қызметі хабарлайды.

«Сарыағаш ауданы әкімшілік соты тарапынан парақорлыққа бару фактісінің жолы кесілді. 2019 жылғы 11-желтоқсанда қылмыстық қудалаудан қорғанысы бар сотқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға бас прокурордың келісім алынды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, соттың Сарыағаш ауданы полициясы қызметкерлерінен шетелдік азаматтар тарапынан көші-қоң заңдылығын бұзылғаны туралы әкімшілік материалдарды кедергісіз қарағаны үшін тұрақты түрде пара алуға қатыстылығы да тексерілуде. 

Күдіктінің кінәлілігі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.

Естеріңізге салсақ, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының азаматтық істер жөніндегі соты 8-қарашада 45,4 млн теңге айыппұл төлеуге сотталған болатын. 

«Абілқайыр жер учаскесінің шекарасын анықтау жөніндегі азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін делдал Рақышев (сот хатшысы) арқылы бұрын келісілген 10 мың долларды доллардың үш мыңы сомасындағы параны алды, деген күдікке ілінген болатын», – делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің хабарламасында.

 

Сондай-ақ оқыңыз