Тоқаевтың кеңесшісі Алматы атауын өзгерту мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді

Жарияланды (жаңартылды )
Бұдан бұрын, жазушы Олжас Сүлейменов осындай бастама көтерген-ді

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин жазушы Олжас Сүлейменовтың Алматы атауын өзгерту туралы айтқан сөздеріне қатысты пікір білдірді.

«Олжас Сүлейменов оңтүстік астананың атауын өзгерту туралы әңгімені бұрыннан айтып келеді. Алайда президентпен кездесу үстінде оның осы идеяны айтып қалғаны, мемлекет басшысы оны қолдайды дегенді білдірмейді. Президент барлық күш-жігерді Алматыны дамытудың неғұрлым өзекті мәселелеріне бағыттаған жөн, деп санайды, бұл туралы ол ағымдағы жылғы 29-қазанда қала активінің отырысында сенімді түрде айтқан болатын.  Сонымен қатар, президент мұндай маңызды мәселелерді ат-үсті және халықтан жасырын шешуге болмайды, оны ел азаматтарының пікірін зерделеп, қала тұрғындары дауысының басым көпшілігін ескере отырып, шешкен жөн, деп санайды», – деп жазды Қарин  Telegram-да.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Сүлейменов Қазақстан резиденті Қасым-Жомарт Токаев және қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының бұрынғы атауы – Алма-Ата-ны қайтару идеясын қолдады, деп сендірген болатын. 

Сондай-ақ оқыңыз