Тоқаев қандай жағдайда митингіге шығуға болатыны туралы айтты

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұл еліміздегі саяси реформалардың бастауы болады

Қазақстанда митингілерді ұйымдастыру ескерту сипаты негізінде өтетін болады, деп хабарлады ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«Митингілерді ұйымдастырудың ескертпелі сипатын енгізуге кірісу қажет, бұл біздің Конституциямызға сәйкес келеді. Митингтерге шығуға болады, егер олар заңды, қоғамдық тәртіпті бұзбаса, және адамдардың тыныштығына кедергі келтірмесе. Бұл менің принциптік ұстанымым», – деді ол 20-желтоқсанда ҚР президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екіншіотырысында.

Тоқаев тиісті нормалардың заңнамалық түрде бекітілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, пікірлер плюрализмі экономикалық әл-ауқат пен адам капиталын көтерудің басты элементі болуға тиіс.

Токаев митингілер мен өз пікірін жәрия білдіру мәдениетінің қоғамдық нормасын қалыптастыратын кез келді, деген пікірде. Аталмыш шаралар еліміздегі саяси реформаларға бастау болмақ.

Сондай-ақ оқыңыз