Өзбекстанда БАҚ-ты қорғау күшейтілмек

Жарияланды
Президент мемлекеттік құрылымдардың басшыларына масс-медиамен өзара әрекеттесуді тапсырды

Өзбекстанда БАҚ-та жала жапқаны және намысқа тигені үшін  бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның күші жойылмақ. Бұл турасында өзінің Телеграм-арнасында мемлекет басшысының қаулысына сілтеме жасаған ӨР президентінің жанындағы Ақпарат және жаппай коммуникациялар агенттігінің (АжЖКА) басшысы Комил Алламжонов хабарлады.

«Баршаңызға белгілі, бұл БАҚ қызметіне байланысты өте ауыр жаза болып саналатын-ды», – деп мәлімдеді Комил Алламжонов.

Осы норма күшінің жйылуына байланысты, Агенттікке қолданыстағы заңнамны өзгерту бойынша ұсыныстар дайындау тапсырылды. Сонымен қатар, ведомство журналистердің ашық сот отырыстарына қатысуы туралы Жоғары соттың шешімін дайындаумен айналысады.

Бұдан бөлек, президент Шавкат Мирзияев Өзбекстандағы барлық мемлекеттік органдардың ашықтығын және олардың масс-медиамен өзара әрекеттесуін күшейту бойынша бір қатар тапсырмалар берді.
 

Сондай-ақ оқыңыз