Қазақстанның кейбір облыстарында дауылдық ескерту жарияланды

Жарияланды
Бұл аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде

Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің бірқатар облыстарында дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

 Ел астанасында  тұман  түсіп, көктайғақ болады. Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 80-85%.

 Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз оңтүстік- шығыстан, шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с. Көкшетау қаласында да ауа райы құбылмалы болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ сақталады.  Дауылдық ескертудің ықтималдылығы 95-100%.

 Қостанай облысының кей аудандарында тұман күтіледі.
 

Батыс-Қазақстан облысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ сақталады.
 

Сондай-ақ оқыңыз