Қазақстанның экологиясы ең нашар аймақтары – Қарағанды және Павлодар облыстары

Жарияланды
Атмосфераға шығарылатын қалдықтардың 50 пайызы осы екі аймаққа тиесілі

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанның экологиясы ең ластанған аймақтарын атады

«2018 жылдың қорытындысы бойынша, атмосфераға шығарылған зиянды заттардың нақты эмиссиясы 2,5 млн тоннаны құрады, жыл сайын ол 100 мың тоннаға артып келеді. Соның ішінде, электр энергиясын өндіру стансаларына (көмір ЖЭС-тері) 940 мың тона тиесілі болса, тау-кен саласы 760 мың тонна зиянды қалдық шығарады. Ал мұнай өндіру саласы – 520 мың тонна, көлік пен ауыл шаруашылық саласы – 320 мың тонна зиянды заттар шығарған», – деді Мырзағалиев.  

Министрдің айтуынша атмосфераға зиянды қалдықтар ең көп шығарылатын аймақтар – Қарағанды және Павлодар облыстары.

«Егер нақты шаралар қолға алынбаса, 2030 жылға қарай, ауаны ластайтын қалдықтардың эмиссиясы 3,6 млн тоннаға жетуі мүмкін», – деп қосып өтті бас эколог. 
 

Сондай-ақ оқыңыз