Перейти к основному содержанию

282 просмотра

Қазақстаннан көшкендер сапалы білім мен жақсы өмір іздеп кетеді

9 айда елден 34 мыңнан аса адам көшіп кеткен

Фото: Shutterstock

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, шетелге көшкендер тарихи отанына сапалы білім мен жақсы өмір іздеп кетіп жатыр. 


«Сыртқы көші-қонға келер болсақ, соңғы 5 жылда өкінішке қарай, теріс сальдо қалыптасып отыр. Орта есеппен алғанда, 20 мың адам. 2018 жылы көшіп келгендер мен көшіп кеткендер арасындағы айырмашылық 29 мың болған еді. Қазақстан азаматтары негізінен ТМД елдеріне көшіп жатыр. Соның ішінде, 80,9 пайызы Ресейге кеткен. Олардың кетуіне не себеп? Негізінен, олар тарихи отанына қайтып жатыр. Кейбірі сапалы білім мен жақсы өмір, біреулер жалақысы жоғары жұмыс іздеп барады. Кейінгілері, негізінен АҚШ-қа көшкендер», – деді министр. 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, қаңтар-қыркүйек айларында республикадан 34,2 мың адам, оның ішінде, ТМД елдеріне – 28,7 мың адам кетсе, Қазақстанға басқа елдерден 8 мың адам, оның ішінде, ТМД елдерінен  6,3 мың адам көшіп келген. 

Бұл ретте, министр Үкіметтің елімізден жастар мен білікті мамандардың жаппай көшіп жатқанына алаңдап отырғанын айтып өтті. 

«Бұл мәселе тек Еңбекминін ғана емес, бүкіл үкіметті, мемлекетті алаңдатып отыр. Кәсіби білікті мамандар Қазақстанда қалуы тиіс, сондықтан білім беру жүйесі түбегейлі қайта қаралып жатыр. Сапалы білім берумен қатар, бұл білім өзге елдермен салыстырғанда, арзандау болуы шарт. Білім және ғылым министрлігі осы бағытта жұмыс істеп жатыр»,– деді Нұрымбетов. 

Министр, сонымен қатар, Қазақстандағы босқындар санын да айтып өтті. 

«2011 жылы босқындар туралы заң қабылданған, қазіргі кезде босқындар мәселесімен Ішкі істер министрлігі айналысады. Жалпы статистиканы айта аламын, қазіргі кезде елімізде 523 босқын бар. Олардың 508-ы Ауғанстаннан келгендер. Қалғандары өзге елдерден келген азаматтар»,– деді ол. 
 

Халықаралық конвенцияларға сәйкес, Қазақстанға келген босқындар мәселесін тиісті комиссия қаратырып, босқын куәлігін береді.

"Қазақстанда босқындарға мемлекеттер арасында жүруге мүмкіндік беретін құжат беріледі. Қазіргі кезде босқындардың өзге елдерде де жүруіне мүмкіндік беретін, биометрикалық деректер енгізілген электронды құжат беру мәселесін қарастырып жатырмыз», – деді министр. 

1839 просмотров

Ресей ғалымы Аралды құтқарып, Нобель сыйлығына ие болмақ

Профессор Николай Аладин Аралды қалпына келтіру - талай мәселені шешетінін алға тартады

Фото: ашық дереккөздерден алынды

Жалпы, Аралды құтқару мәселесі тоқсаныншы жылдардан бері көтеріліп келеді. Осы уақытқа дейін, теңізді құтқаруға арналған ұзын-саны 72 жоба қолға алыныпты. Өкінішке қарай, олардың барлығы Арал суының көтерілуіне ықпал ете алмады. 

Жуырда Ресей ғылым академиясы Зоология институты тұзды су гидробиологиясы зертханасының меңгерушісі, биология ғылымының докторы, Арал теңізін құтқару жөніндегі сарапшы Николай Аладин мырза:

«Мен Аралды құтқарамын, сол үшін маған Нобель сыйлығы берілетін болады»  деп, жалпақ жұртқа жар салып, назарымызды бір аударып қойған еді.  

Атап айтарлығы, Аралды зерттеу мәселесі ресейлік оқымыстыларды ғана емес, сондай-ақ Өзбекстан ғалымдарының да қызығушылығын тудырып отыр.  2018 жылы Өзбекстан мен Қазақстан ғалымдары Аралды зерттеу үшін, бес жылға арналған бағдарлама қабылдаған болатын. 

Жалпы, Аралды қалпына келтіруге қатысты еліміздің мамандары түйіп отырған ойға жүгінсек, Ресей ғалымдары тектен-тек Аралды зерттетуге қызығып отырған жоқ. 

Химия ғылымының докторы Қорлан Абсалықованың айтуынша, қазір теңіз суының құрамында тұз ашық жатыр. Міне, осы ашық жатқан тұздың ауаға таралуы алаңдатуы тиіс. 

Білесіздер, Қазақстанда иод тапшылығы белең алып тұр. Осы тапшылықты ғылыми технологияға жүгініне отырып,  Аралдағы табиғи байлық арқылы жоюға болатын еді. Ол үшін Аралдағы йод ресурсын толық зеттеуге қол жеткізуіміз қажет. 

Ғалым біз үшін қазір Аралдың Солтүстік бөлігін зертеу маңызды екенін алға тартады.

"Біріншіден, Аралдың Солтүстік бөлігі Қазақстан аумағында жатыр. Солтүстік Аралда су көтеріліп, біртіндеп тіршілік жанданып келеді. Онда балық та бар, теңіздің суы да көтеріліп жатыр. Ал Оңтүстікте тіршілік байқалмайды", -дейді маман.  

Негізі,  Арал суының құрамында көптеген сирек металлдар кездеседі. Біз болашақта Аралды сортаңға айналдырмай, табысқа кенелгіміз келсе, осы саланы зерттейтін ғалымдарға қолдау көрсетуге тиіспіз. Қуатты технологияны ғылымға жұмылдыру қажет. Әсіресе, Арал мәселесі қуатты технологияны қажет етіп отыр.

«Біз ертерек қамданбасақ, Ресей, Өзбекстан ғалымдары Қытайдың оқымыстылары Аралды зерттеуге құлшынып-ақ отыр. Сондықтан бұл арада Қазақстанның үлесі басым екенін өзгелер білуі керек», - дейді химия ғылымының докторы. 

Ғалымдар болашақта теңіз суын зерттеуде нанотехнологияға жүгінудің маңызды екенін алға тартады. Осы орайда, Қорлан Абсалықова: «Аралды зерттеуді тоқтатпау керек», деген пікірде.

Қазір көптеген елдер теңіз суынан құрылыс орындарына қажетті базальт алып жатыр. Маманның айтуынша, бұл материал өте жоғары температураға шыдамды және экологиялық тұрғыдан қауіпсіз. Тығыздығы жағынан алмазбен деңгейлес. Алмаздың тығыздығы, шартты есептік көрсеткіш бойынша, 10 болса, базальттікі 9,8 пайызды құрайды. Осыдан-ақ оның берік материал екенін байқауға болады. 

«Соңғы кездері Жапонияда, Қытайда, Кореяда ірі бетон конструкцияларын жасайтын құрылыс компаниялары панельдердің арасына базальттан жасалған арматураларды сала бастады. Өйткені базальт арматурасы қолданылған панельдер жер сілкінісіне төзімді болады», - дейді ғалым. 

Міне, біздегі теңіз суының құрамында кеннен бөлек, осындай құнды материалдар бар. Қазір нанотехнологияның қуаты барлығына жетеді. Демек, бізге осы саладағы ғалымдарға жағдай жасау керек. 

«Аралды ғана емес, Балқашты, Зайсан көлін, Ертісті зерттеу үшін арнайы зертханалар ашылып, суларымыздың құрамында сирек кездесетін металлдар анықталуы тиіс. Өйткені алдағы уақытта су тапшылығы әлем бойынша артып, судың да сұрауы болатын заман келе жатыр», - дейді Қорлан Әбсалықова.
 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif