Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнін атап өтуде

Жарияланды
Бұл Республика тәуелсіздігінің 28-жылдығы

16- және 17-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнін атап өтеді. Бұл еліміздегі жалғыз ұлттық мереке.

1991 жылғы 16-желтоқсанда еліміздің заң шығарушы органы – Жоғарғы Кеңес – Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттік егемендігі туралы заң қабылдады. Қазақстан Республикасы Кеңес Одағы республикаларының арасында тәуелсіздік туралы заңды ең соңғы болып қабылдады. Осы заң Қазақстанның Егемендігі туралы декларациясымен (1990 жылғы 25-қазанда қабылданды) бірге жаңа мемлекетті құрды.
Бұдан бұрын, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты айтулы мерекемен Владимир Путин, Владимир Зеленский, Елизавета II, сондай-ақ бір қатар басқа шетел мемлекеттерінің басшылары құттықтаған болатын.

Қазақстанның бұрынғы және тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әр тұрғынына алғыс айтты.

«1991 жылғы 16-желтоқсанда біз арнайы заң қабылдап, бұдан былай – Қазақстанның  тәуелсіз мемлекет екенін жарияладық. Біздің барлығымыз бірігіп, өз мемлекеттігіміздің жаңа дәуірінің негізін қаладық және соның куәгері болдық. Мен өз замандастарымның үлесіне ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандаған мақсат-мүддесін жүзеге асырудың ұлы құрметі бұйырғанын мақтан тұтамын», – деді еліміздің экс-басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз