Қазақстандықтар алимент бойынша 5,7 млрд теңге берешек

Жарияланды
Бұдан бұрын, алимент өндіру жөніндегі 200 мыңға жуық істің сот орындаушыларының өндірісіне жіберілгені туралы хабарланған болатын

Мәжілістің заңнама және сот-құқық реформасы комитетінің хатшысы Светлана Бычскова «Атқару өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңды жетілдіру қажеттігі туралы мәлімдеді.

Депутат жеке сот орындаушылығы саласындағы қиындықтар тудыратын мәселелерді атап көрсетті.

«Бірінші — борышкерді оған қатысты өндіріс ашылғаны туралы хабардар ету. Іс жүзінде оған айыппұл салған өкілетті органдар да, сот орындаушылар да бұл турасында борышкерді хабардар етпейді. Нәтижесінде, борышкерлердің көпшілігі мұндай фактілер туралы тек шетелге шығарда, есеп-шоттары мен мүлкі бұғатталғанда ғана біліп жатады», — деп мілімдеді Светлана Бычкова мәжілістегі үкімет сағаты барысында.

Сонымен қатар, депутат орындаушылық өндірісті автоматтандырудың төмен деңгейін, сот орындаушылар біліктілігінің жеткілікті емес екендігін атап өтті. 

«Төртінші — сот орындаушылар қызметінің түрлі аспектілеріне шағымданулар. Мәселен, көп ретте, сот орындаушылар, тіпті, борышкердің мүлігі болса да ешқандай әрекет жасамайды. Сот орындаушылар әрқашан борышкерлерге заң ережелерін, өздерінің әрекеттерін  түсіндірмейді және орын алған қақтығыстарды реттеуге тырыспайды», – деді сөзін нақтылай түскен депутат.

Сондай-ақ орын алған қиындықтар арасынан Бычкова борышкерлердің орындау мерзімін ұзарту құқығын  теріс пайдаланатынын, орындау құжаттарын бөлу процедурасының жетілдірілмегенін және борышкерлерді жауапкершілікке тарту тетіктерінің тиімсіздігін атап көрсетті. Депутат алиментерді өндіру мәселесіне жеке тоқталды. 

«Ағымдағы жылдың қорытындылары бойынша 13 мыңға жуық алимент өндіру жөніндегі материалдар қиындықтар тудырған істер қатарына жатқызылған, олар бойынша берешек 5,7 миллиард теңгеден асып кеткен. Алиментті қасақана төлемейтіндерге ықпал ету тетіктерінің жеткілікті деңгейде тиімді емес екенін мойындау қажет».

Сөзін қорытындылаған депутат сот орындаушылығы саласының қолданыстағы заңнамасын кешенді түрде қайта қарау және жетілдіру қажеттігін атап көрсетті. 

«Сот актілерін орындаудың қолданыстағы тетіктері мен процедуралары сонау кеңес жылдарында жасалған, содан бері олар елеулі түрде жетілдірілген емес (…). Заң жеткілікті деңгейде біздің мемлекетте орын алып отырған жағдайды және халықаралық тәжірибені есепке алмайды. Соның салдары жетілдіруді талап етеді», – деп түйіндеді Бычкова.

 

Сондай-ақ оқыңыз