Қазақстанда жыл сайын кәмелетке толмаған 100 мың бала полицияға жеткізіледі

Жарияланды
Олардың жартысынан астамы – түнгі уақытта тұрғын үйге жатпайтын ғимараттарда болғаны үшін

ҚР Ішкі істер министрлігі әкімшілік полициясы комитеті ювенальді полиция басқармасының басшысы Әсет Оспанов ведомство тарапынан кәмелетке арасындағы қылмыс жасаушылықты азайту мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді.

«Жыл сайын түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 100 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірімдер полиция органдарына жеткізіледі. Олардың ішіндегі 50 мыңнан астамы түнгі уақытта тұрғын үйге жатпайтын ғимараттарда болғаны үшін. Ал бір мыңға жуығы түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында жүргені үшін жеткізіледі», — деді Оспанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Спикер кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасаушылықтың төмендеуіне олардың түнгі уақытта көңіл көтеру мекемелерінде өздерінің заңды өкілдерінің қарауынсыз болуына тыйым салу әсер еткенін атап өтті. 

«Бұл нормалар (кәмелетке толмағандардың түнгі 22.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін көңіл көтеру мекемелерінде өздерінің заңды өкілдерінің қарауынсыз болуына тыйым салу) 2009-2010 жылдарда енгізілген болатын. Олар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасаушылықтың төмендеуіне тікелей әсер еті. Сөйтіп, кәмелетке толмағандар тарапынан және оларға қарсы жасалған қылмыстар азайды», – деді ол.

Сонымен қатар, Оспанов жалпы, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасаушылықтың төмендеу тенденциясы орын алып отырғанын атап өтті. 

«Егер 2013 жылы олардың тарапынан 4 275 қылмыс жасалса, 2018 жылдың қорытындылары бойынша, қылмыс жасаушылық 2 939-ға дейін құлдырады. Ал егер ағымдағы және өткен жылдың ұқсас мерзімдерін алатын болсақ, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жасаушылық 2388-ден 2171-ге дейін, яғни 9%-ға азайған», – деп атап өтті басқарма бастығы.

Оның айтуынша, қылмыстардың барлық түрлері бойынша төмендеушілік байқалады.

«Бізде кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған кісі өлтірудің 58%-ға азаюы, денаулыққа ауыр зардап тигізудің —14%-ға, қарақшылықтың — 17%-ға, тонаушылықтың —21%-ға, бұзақылықтың —  12%-ға, ұрлықтың — 9%-ға азайғаны байқалады. Сараптама көрсетіп отырғандай, қылмыстардың көпшілігі, 80%-ға жуығы, аса үлкен қоғамдық қауіп тудырмайтын, күш қоданып-пайда табу сипатындағы қылмыстар. Атап айтсақ, олар, негізінен, телефондар, заттар ұрлау», – деді сөзін түйіндеген Оспанов.

Сондай-ақ оқыңыз