Қазақстанда жаңа Экологиялық кодекс қабылданды

Жарияланды
Экология министрлігі қоршаған ортаның ахуалын жақсартуды уәде етіп отыр

Үкімет отырысы барысында экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев таныстырған Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі қабылданды. 

Экологиялық кодекс 7 негізгі принциптерден тұрады, оларды жүзеге асыру, министрдің айтуынша, қоршаған ортаның ахуалын жақсартады.

«Бірінші принцип – «ластаушы төлейді және түзетеді». (…) Мемлекет табиғатты пайдаланушыға экологиялық айыппұл төлегенше, қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін шаралар қолдану тиімді болатын жағдай жасауға тиіс. Бұдан бөлек, экологияға зиян келтірген ластаушы қоршаған ортаны бас тапқы қалпына келтіруге міндетті», — деді министр.

Екінші принцип – қоршаған ортаға әсерді бағалауға (ҚОӘБ) жаңа тұрғыдан қарау. Осы принципке сәйкес, ҚОӘБ процедурасынан өту талабы өз үлесіне шығарылатын зиянды заттардың 80% келетін «бірінші санаттағы» 2,6 мың кәсіпорынға (бұрын мұндай талап 19 мың кәсіпорынға қолданған еді) қатысты болады. Атап айтарлығы, қоғам ҚОӘБ-ның барлық кезеңдеріне қатысатын болады.

Үшінші және төртінші принциптер эмиссиялар үшін төлемдерге қатысты болмақ. Жаңа ережелерге сәйкес, зиянды заттарды шығару көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қолжетімді технологиялардың үздігін  (ҚТҮ) енгізген кәсіпорындар эмиссиялар төлемдерінен босатылады. Ал егер олар ҚТҮ-ға көшпейтін болса, эмиссиялар көбейетін болады. Бұдан бөлек, енді эмиссия төлемдері 100% көлемінде экологиялық шараларға жұмсалатын болады.

«Бесінші принцип – зиянды заттардың шығарылуына мониторинг жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру. Экологиялық кодекстің жобасында I-санаттағы нысандар үшін шығарылған және төгілген зиянды заттардың сандық және сапалық құрамы туралы уақтылы және анықталған ақпаратты алу мақсатында мәліметтерді өкілетті органға жіберетін өндірістік экологиялық мониторингтің міндетті түрде автоматтандырылуы қарастырылған», — деді Мырзағалиев.

Сонымен бірге, кодекске экологиялық бақылауды күшейту принципі енгізілген. Енді экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік айыппұлдар 10 есе артатын болады.

«Жетінші принцип – өндіріс пен тұтыну қалдықтарын басқаруды жетілдіру. Рұқсат берілмеген қоқыс орындарының санын қысқарту мақсатында қалдықтарды өңдеумен және ұқсатумен айналысатын кәсіпорындардың қызметін лицензиялау енгізіледі, ал қоқыс шығаруме айналысатын ұйымдардың қызметі хабарлау сипатында болады», — деп түйіндеді Мырзағалиев.

 

Сондай-ақ оқыңыз