Қазақстанда мереке күндерінде қосымша поездар жолға шығады

Жарияланды (жаңартылды )
Жолаушылар қозғалыс кестесі туралы ақпаратты өздері анықтап отыруы тиіс

Қазақстанда Тәуелсіздік күні және Жаңа жылда жолға қосымша поездар жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» хабарлайды.

Поездар келесі бағыттар бойынша сапар шегеді:

•    №6803/6804 «Нұр-Сұлтан-Атбасар» – 2019 жылғы 17- және 31-желтоқсан мен 2020 жылғы7-қаңтар күні;
•    №7502/7501 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» – 14- және 28-желтоқсанда, 2020 жылғы 4-қаңтарда;
•    №7510/7509 «Нұр-Сұлтан-Павлодар» – 2019 жылғы 13-, 15-, 17-, 30- және 31-желтоқсанда, 2020 жылғы 3-, 4-, 7-қаңтарда. 

«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы» жолаушылардан поездар қозғалысы туралы ақпаратты Бірыңғай анықтама қызметінің 105 (стационарлық телефоннан хабарласу тегін) телефоны арқылы біліп отыруды өтінеді», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, №301/302 «Алматы-Новосибирск» бағытындағы жолаушылар поезы бір рет рейске шығады: 2020 жылғы 2-қаңтарда Алматыдан, ал 2020 жылғы 4-қаңтарда Новосибирскіден кері қарай жолға шығады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, мереке күндерінде Ұлттық тасымалдаушы төрт бағыт бойынша («Алматы-2-Шымкент», «Алматы-2-Түркістан», «Маңғыстау-Бейнеу», «Нұр-Сұлтан-Шу») қосымша поездар шығарады.

Естеріңізге салсақ, «Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамының ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұдан бұрын Тверьден жаңа жаңа вагондардың алынғанына қарамастан, 1980-,1990- және 2000-жылдардағы вагондар техникаляқ қараудан өткеннен кейін адамдарды тасымалдауды жалғастыратыны туралы айтып берген-ді

 

Сондай-ақ оқыңыз