Қанша қазақ ата-жұртына оралды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұл турасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтып берді

Ағымдағы жылдың басынан бері 13 мыңға жуық қандасымыз Қазақстанға оралды, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

«Биылғы жылдың өзінде елге 13 мың отандасымыз елге оралып үлгерді», – деді ол 5-желтоқсанда «Қазақстандағы көші-қоң: сын-тегеуріндер, үрдістер, болашақ» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында.

Қандастарымыздың ең көп саны Өзбекстаннан (46%), Қытайдан (34%), Моңғолиядан (7%) және Түркіменстаннан (7%) оралған.

«Қазақстанның транзиттік, баратын жері болып тағайындалған, ал соңғы кезде мигранттар кететін ел болуына байланысты, бізді бақылаусыз жаһандық көші-қоң мәселесі толғандыратын болды. Бақылаусыз көші-қоңның көлемі мен құрамын бағалау оңай емес, сондықтан халықаралық және жергілікті деңгейде мәліметтерді жинақтаудың бірыңғай әдістері мен жүйелерін қалыптастыру, біз үшін бірінші кезекте тұрған мақсат болып табылады», – деді Нұрымбетов.

Кейінірек, бейресми сұқбаттасу барысында министр тәуелсіздік алған сәттен бері, республикаға 1,07 млн қандасымыздың оралғанын хабарлады.
 

Сондай-ақ оқыңыз