Перейти к основному содержанию

5478 просмотров

Дети из многодетных семей будут получать помощь при любом доходе семьи

Как будет оказываться адресная социальная помощь, рассказали в минсоцтруда

Фото: Аскар Ахметуллин

Министр труда и соцзащиты Биржан Нурымбетов в ходе «правчаса» в Мажилисе рассказал о новых подходах к выплатам адресной соцпомощи в Казахстане с 2020 года. 

Предлагаемая государственная поддержка будет включать в себя, по словам министра, поддержку многодетных матерей, модернизированную адресную социальную помощь, гарантированный социальный пакет.

Глава минсоцтруда сообщил, что более 56% из всего количества малообеспеченных детей из многодетных семей. В этой связи предусмотрено введение отдельного государственного пособия многодетным семьям. Оно будет предоставляться независимо от дохода, как признание авторитета многодетных матерей, повышение материального благополучия в их семьях, стимулирование рождаемости в стране. 

Таким образом, для более 340 тыс. многодетных семей, имеющим 4-х и более несовершеннолетних детей будет установлено новое государственное пособие в дифференцированных размерах, кратных к МРП, от 42 496 тенге до 74 388 тенге в 2020 году, в зависимости от количества детей в семье. Эту новую норму планируется ввести с одновременной отменой фиксированной выплаты на детей при назначении АСП.

АСП же вернут к традиционной схеме. Она будет назначаться тем, кто по факту в ней нуждается, кто оказался в трудной жизненной ситуации и самостоятельно выйти не имеет возможности. При этом размер АСП будет определяться для всех членов семьи, как разница между чертой бедности и среднедушевым доходом. Выплачиваться будет раз в квартал. Обязательное условие получение такой помощи - трудоспособные члены семьи должны работать. В случае если они отказываются от предложенных им мер занятости, все члены их семьи теряют право на АСП.

Также со следующего года внедряется гарантированный социальный пакет детям из малообеспеченных семей. Предлагается охватить две категории детей от 1 до 6 лет, а также  детей,  обучающихся в организациях среднего образования  в возрасте от 6 до 18 лет. Это порядка 600 тыс. детей. Первая категория детей, дошкольного возраста, будет  обеспечиваться продуктовыми наборами и гигиеническими средствами.

Вторая категория, школьники, будут получать бесплатное горячее питание в школах, ежедневный бесплатный проезд в школу и обратно, а также школьную форму и учебные принадлежности, за счет государства.

Напомним, что депутатами мажилиса законопроект, который изменит действующую систему предоставления АСП, одобрен.

Отметим, что в 2019 года, механизм назначения АСП был изменен, а именно с 1 апреля текущего года черта бедности увеличена с 50% до 70% ПМ (с 14 849 до 20 789 тенге). А также каждому ребенку, из малообеспеченной семьи, размер АСП был установлен фиксировано в сумме 20 789 тенге или 70% ПМ. Одновременно был продлен срок оказания безусловной денежной помощи с 3 до 6 месяцев, обусловленной денежной помощи с 6 до 12 месяцев. В результате, на начало ноября текущего года порядка 456,5 тыс. семей или около 2,1 млн человек, получили реальную поддержку от государства, в том числе  53% семей - многодетные. Это в 7,7 раза превышает аналогичные показатели по получателям в 1 квартале текущего года. В 1,8 раза увеличился и средний размер назначенной АСП. Впервые в бюджете на выплату АСП было предусмотрено 245 млрд тенге, из которых за 10 месяцев уже израсходовано 66,5% или свыше 163 млрд тенге. 

banner_wsj.gif

1462 просмотра

42 500 теңгені алуға байланысты түйткілді сауалдардың жауабын оқыңыз

Заңгер Гүлмира Қарасай сұхбат берді

Фото: жеке мұрағатынан

Қазақстанда төтенше жағдай (ТЖ) жарияланып, Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай, Ақтау қалаларының және Ақмола, Ақтөбе облыстарының карантинге жабылуы – бірқатар азаматтардың жұмыстан қысқаруына әкеліп соқты. Осыған байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаев ТЖ кезінде табысынан айырылғандарға 42 500 теңге көлемінде (еліміздегі минималды жалақы) жәрдемақы төлеуді тапсырған. Алайда осы жәрдемақыны алуға байланысты халық арасында көптеген түсінбеушілік туындап жатыр. Сол орайда белгілі заңгермен пікірлесіп, түйткілді сұрақтарға жауап алдық. 

– 42 500 теңге әлеуметтік төлем алатын азаматтар санаты кеңейтілді. Соңғы өзгеріс бойынша бұл көмекті кімдер ала алады? Ал кімдер алмайды?

– Бірінші кезекте, бұл көмекті кіші, орта және микро бизнестің жұмыссыз қалған жұмысшылары, карантин енгізілген аймақтардағы ірі кәсіпорындардың қысқартылған, жұмыстан босатылған және ақысыз демалыстағы азаматтары алады. Алайда бұл ереже барлық аймақтағы емес, тек карантин енгізілген аймақтардағы (облыс, қала, аудан) орналасқан ірі кәсіпорындарға байланысты. Карантин жоқ өңірлердегі ірі кәсіпорын жұмысшыларына бұл көмек төленбейді. Көмекті алатын азаматтар қатарында – ИП (жеке кәсіпкер) ретінде тіркелгендер және ИП болып тіркелмей-ақ өз-өзін жұмыспен қамтамасыз етіп бірыңғай жинақтаушы табыс (БЖТ - ЕСП) төлеп отырғандар, жеке практикамен айналысатын адвокат, нотариус, медиаторлар, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша табыс тауып отырғандар бар. Жалпы, төтенше жағдайға байланысты жұмысы тоқтап қалған барлық азаматтар бұл көмекті алуға толық құқылы. Бұл ретте, ақысыз демалысқа кеткен азаматтардың тізімін жұмыс беруші өкілетті органға (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) жібереді. Сосын барып аталған орган жәрдемақы тағайындайды. Егер «жұмыс уақытша тоқтатылды» деген бұйрық шықса, онда 42 500 теңгені жұмыс беруші төлейді. 

– Аймақтарда қол жұмысымен айналысатын, бірақ ол қызметін ешқандай құжат түрінде заңдастырмаған азаматтар бар. Олар бұл әлеуметтік төлемнен үміттене ала ма?

– Егер ресми жұмысы жоқ болса, онда соңғы 12 ай ішінде жасаған (кемі 1 мәрте) әлеуметтік төлемі болуы тиіс. Жалпы, соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік төлем жасау – 42 500 теңгені алудан үміттенген барша азамат үшін міндетті шарт. Адам еңбек шартымен, не жеке кәсіпкер ретінде жұмыс істеген кезінде, не жеке практикамен жұмыс атқарғанда – міндетті зейнетақы жарнасын және әлеуметтік аударым төлейді. Егер осы талапқа сай болса, онда әуелі egov.kz порталы арқылы онлайн түрде электронды-цифрлы қолтаңба алып, тіркеліп, әлеуметтік төлем алуға өтініш жібере алады. Әлеуметтік аударым дегеніміз – мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) аударылатын міндетті төлемдер. Яғни, жалдамалы жұмысшылар да, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар да, елімізде тұрақты табыс тауып отырған шетелдік және азаматтығы жоқ тұлғалар да МӘСҚ аясында сақтандырылуы тиіс. Әлеуметтік аударым жасаған адам кейін мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады. Ереже бойынша, сіз бір қиын жағдайға ұшырасаңыз, сол әлеуметтік сақтандыру қорындағы ақшаңыз сізге көмек болып келеді. Ал қазіргі ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ – баршамызға қиындық болып тиіп отырғаны белгілі. Әу баста бұл төлемді алатын азаматтардан: 
- табысынан айырылғанын растайтын құжат; 
- ақысыз демалысқа кеткені жөніндегі бұйрықтың көшірмесі; 
- әлеуметтік аударым немесе зейнетақы жарнасының бар-жоғын дәлелдейтін қағаз талап етілген. Кейіннен бұл шарттар алынып тасталды. Мемлекет сіздің өтінішіңізді 3 күн ішінде қарайды. Менің ойымша, бұл анықтаманың бәрі қажет етілмесе, мемлекет осы көмекке мұқтаж азаматтарды қаншалықты әділетті анықтай алады деген сұрақ туындайды. Енді бұл орайда мен осы көмектен үміттенген барлық азаматтарды egov порталы арқылы өтініш жіберіп көруге шақырамын. Ешқандай еңбек шартынсыз, келісімшартсыз қол жұмысымен, фрилансерлікпен айналысып жүрген азаматтар egov-та жұмыссыз ретінде тіркеліп, егер соңғы 12 айдың ішінде кемі 1 рет әлеуметтік аударым жасаған болса, 42 500 теңге алуға өтініш бере алады. 

– Дәл қазірге дейін әлеуметтік аударым жасамаған, бірақ осы көмекті алу үшін шұғыл түрде сол төлемді жасағысы келгендер үлгере ала ма?

– Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы 12 айда әлеуметтік аударым жасалуы тиіс. Негізі зейнетақы жарнасы және әлеуметтік аударымды кешіктіріп те төлеуге болатын жағдайлар кездеседі. Соның өзінде ол қаңтар немесе ақпан айларына есептеліп түсуі тиіс. Әрі кешіктірген сайын өсетін өсімпұлы да бар. Ол тек әр айдың 25-іне дейін төленуі тиіс. Заң бойынша, қаңтар айының барлық аударымдары ақпан айының 25-іне дейін өтуі тиіс.  Демек, ақпан айына есептету үшін наурыздың 25-іне дейін төлеп үлгеру керек еді. Негізі әлеуметтік аударымды жасау – жұмыс берушінің міндетіне жатады. Бірақ әлеуметтік аударымды әркім өзіне де жасай алады, егер бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ - ЕСП) жасап отырса. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласының азаматтары үшін ай сайынғы БЖТ көлемі – 1 АЕК (2651 теңге), ал басқа өңір тұрғындары үшін – 0,5 АЕК. Бірыңғай жиынтық төлем жасайтындар – бала күтуші, сантехник, электрик, массажист, шаштараз сияқты жұмыспен айналысатын азаматтар. Нәтижесінде олар өздігінен әлеуметтік аударым жасай алады. 

– Қазір атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) алып отырған отбасылар 42 500 теңгені де алуға құқылы ма?

– АӘК алып отырғандар соңғы 12 айдың бірінде әлеуметтік аударым жасаған болса онда әрине, тапсырып көруге болады. АӘК алғандар 42 500 теңгені алмайды деген сөз жоқ. Бірақ ешқандай табысы жоқ, сондықтан жыл бойы ешқандай әлеуметтік аударым жасамаған, сол себепті АӘК алып отырған болса, онда олар ала алмайды. 

– Алдағы сәуір, мамыр, маусым айларында декретке шығатын келіншектер осы әлеуметтік көмекке алуға өтініш жіберсе мақұлдана ма? Мақұлданған күнде мұның кейінгі декреттік төлемін алуына зияны тимей ме?

– Бұл әлеуметтік көмек қой. Сондықтан шартқа сай келген (соңғы 12 айда кемі 1 рет әлеуметтік аударым жасау) кез-келген азамат алады. Декреттік төлемақы бөлек есептелетіндіктен, оған әсер етпейді. Ал қазір баламен декреттік демалыста отырған әйелдер ала алмауы мүмкін. Мәселен, олар былтыр жазда декретке шықты делік, ал соған дейінгі жасаған әлеуметтік аударымы оның декреттік төлемақысына есептеліп жіберіліп, 42 500 теңге берілмеуі ықтимал. Десе де өтініш жіберіп көруге болады. Сондай-ақ отбасындағы ерлі-зайыптылардың екеуі де егер соңғы бір жылда бір әлеуметтік аударым жасағандары анық болса, онда осы әлеуметтік төлемге (42 500) өтініш жібере алады. 

– Біздің елде тұрып кәсіп ашқан, салық төлеп отырған өзге ел азаматтары бұл көмекті ала ма?

– ИП-ны тек біздің азаматтар ғана аша алады. Ал бірыңғай жинақтаушы табыс туралы жоғарыда айтып өттік. Ал ЖШС жұмысы тоқтап қалып жатса, онда ЖШС жұмысшылары да, басшылары да бұл көмекті ала алады. Сонымен қатар кез-келген азамат жұмыстан шығып қалған жағдайда жұмыссыз ретінде тіркелсе және соңғы жұмысында 6 айдан ұзақ уақыт істеген болса, онда оған жалақысының 40 пайызы көлемінде әлеуметтік төлем төленеді. Бұл қазіргі төтенше жағдайға байланысты емес, бұрыннан келе жатқан ереже. Яғни, сіз бір жерде 6 айдан артық істедіңіз, сосын жұмыстан шықтыңыз ба (шығарып жіберді ме, әлде өз еркіңізбен кеттіңіз бе – маңызды емес) онда жұмыссыз ретінде тіркеліп, осындай әлеуметтік көмек алыңыз. 

banner_wsj.gif

drweb_ESS_kursiv.gif