Cирияда соғысқан қазақстандықтарға сот үкімі шықты

Жарияланды
Олардың барлығы «Жусан» арнайы операциясының аясында елге қайтарылған болатын

Сириядан қайтарылған 14 қазақстандықтардың ісі бойынша сот процесі аяқталды. Олардың барлығы терроризмді насихаттағаны және Сирия аумағында лаңкестік әрекеттерге қатысқаны үшін айыпталған еді, деп хабарлайды Kursiv.kz. тілшісі.

Үкімді сот Әділхан Шайхисламов жариялады. Ол атышулы сот процесіне қатысушыларды 8-ден 14 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Ал мемлекеттік айыптаушы оларды 10-нан 17 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Тыңдаулардың ең жас қатысушысы – 25-жасар Тұрлан Әбілхайыров 11 жылға бас бостандығын айырылып, жазасын отраша қауіпсіз колонияда өтеуге кесілді. 

Осындай мерзімге 26-жасар Думан Сәдуақасов, 28-жасар Руслан Қуанов и 31-жасар Дәурен Сәбитұлы бас бостандықтарынан айырылды. Сот оларды террористік әрекеттерге қатысқаны ғана емес, сонымен қатар, дінаралық алауыздықты қоздырғаны үшін де айыпты, деп тапты. 
Ең «қатал» жаза – 14 жылды колонияда өткізу – 41-жасар Нұрлан Қамаловқа шығарылды, оның террористік ұйымға басшылық жасағанын Нұр-Сұлтан қаласының соты дәлелденді, деп таныды. 

13 жыл бас бостандығынан айырылуға 50-жасар Ғазинұр Бақытжанов пен 33-жасар Аманжол Жансеңгіров кесілді. Олар террористік ұйымның әрекеттеріне қатысқаны, ұрлық жасағаны, бас бостандығынан айыру орындарынан қашқаны және терроризмді насихаттағаны үшін айыпты, деп танылды. Олардың соңғысы, сонымен қатар, жалған ақша жасағаны және оны таратқаны үшін де айыпты, деп танылды. 

35-жасар Бахтияр Ибраев пен 32-жасар Данабек Төреханов тоғыз жылға бас бостандықтарынан айырылып, жазасын орташа қауіпсіз колонияды өтейтін болды.
Сот үкіміне сәйкес, 27-жасар Данияр Алтаев өмірінің алдағы 10 жылын орташа қауіпсіз колонияда өткізеді.

Ең «жұмсақ» үкім Жандос Ажмамбетовке, Абзал Амангелдіге, Ермұқан Айыпқалиев пен Алмас Нарбүтінге шығарылды. Сот оларды сегіз жылға бас бостандығынан айырды, жазаны олар орташа қауіпсіз колонияда өтейтін болады. Соттың мұндай шешімі олардың кінәсі бір тармақ – лаңкестік әрекеттерге қатысқаны үшін дәлелденгендіктен шығарылды. 

Атап айтсақ, олардың барлығы Қазақстанға «Жусан» арнайы операциясы аясында қайтарылған болатын-ды. Аталмыш операция Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамшылығымен жүзеге асырылған еді. Оның аясында әскери әрекеттер аймағынан өз отанына 357 бала қайтарылды. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – акцияның басты мақсатына айналды.
Осы жылғы мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сириядан тағы 231 қазақстандық азаматтың, оның ішінде, 156, эвакуацияланғаны туралы мәлімдеме жасаған болатын. Атап айтсақ елге жеткізілген балалардың көпшілігі, негізінен, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер, ал олардың 18 тұл жетімдер. Үшінші операция аясында әскери әрекеттер аймағынан 171 бүлдіршін әвакуацияланған. 

Сондай-ақ оқыңыз