Батыс Қазақстанда шенеунік үш миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Жарияланды
Сот оны үш жылға бас бостандығынан айырды

«Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің басшысы Агедилов Д.М. бюджет қаржысын жымқырғаны үшін сотталды. Бұл турасында сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл қызметі хабарлады.

«3-желтоқсанда Бөрлі аудандық сотының үкімімен Агедилов Д.М. кінәлі деп танылып, үш жылға бас бостандығынан және өмір бойы мемлекеттік қызмет лауазымында болу құқығынан айырылды», – делінген хабарламада.

Ол Бөрлі ауданының Ақсай ауылында тұрғын үй жалдауға және мемлекеттік мекемеге тауар-материалдық заттар сатып алуға бөлінген, жалпы сомасы 2,779 млн теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын.
 

Сондай-ақ оқыңыз