АҚШ Өзбекстанның әр жетінші азаматына виза беруден бас тартты

Жарияланды
Бұл әлемдегі ең жоғарғы көрсеткіштердің бірі

АҚШ уақытша қызметтік және туристік виза («В» санаты) сұраған өзбекстандықтардың 70%-ның өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Бұл Орталық Азиядағы ең жоғарғы, ал әлем бойынша сегізінші көрсеткіш. АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2019 жылғы қорытынды статистикасы осындай. 

Атап айтарлығы, биыл бас тарту өткен жылмен салыстырғанда, 6% артып, барлық тапсырыстардың 68,06%-н құраған. Аймақтағы ең төменгі көрсеткіш Қазақстанның үлесінде – 42,58%, одан кейін Түркіменстан – 56,26%, Тәжікистан – 60,97%, олардың артында Орталық Азиядағы ең нашар көрсеткіштерінің бірі – 67,75% үлесіне тиген Қырғызстан тұр.    

Есепке сәйкес, АҚШ-қа кіргізуден бас тартудың ең аз көлемі Папуа-Жаңа Гвинея (1,74%), Соломон аралдары (2,2%), Польша (2,76%) және Кипр (2,78%) азаматтарының үлесіне тиесілі. Ал Лихтенштейн азаматтарына бас тарту мүлдем білдірілмеген.  

Әлемдегі тек 7 ел Өзбекстаннан нашар көрсеткіш көрсеткен. Олар – Йемен (78%), Сомали (81%), Иран (87%), Ливия (89%), КХДР (100%), Микронезия федеративтік штаттары (100%) және Палау (100%).

Атап айтарлығы, 2018 жылы 2,1 млн өзбекстандықтар Грин Кард лотореясына қатысуға тапсырыс беріп, олардың 4 мыңнан астамы  сол лотореяның жеңімпазы атанды. 

Сондай-ақ оқыңыз