Түркия ИГ-ның бұрынғы басшысының үлкен әпкесі құрықталғанын хабарлады

Жарияланды
Әпкесімен бірге оның күйеуі, келіні және оның бес баласы ұсталыпты

Сирияда ИГ (ҚР тыйым салынған)  лаңкестік тобының көзі жойылған басшысы Абу Бара әл-Бағдадидің әпкесі Расмия Авад қамауға алынды, деп хабарлайды Associated Press агенттігіне сілтеме жасаған Интерфакс-Қазақстан, агенттік өз кезегінде аты аталмаған түрік шендісіне сілтеме жасапты.

65 жастағы Авад экстремистік топпен байланысты деген күдікке ілінген. Ол дүйсенбі күні кешкісін жасалған рейд барысында Сирияның Алеппо провинциясындағы Азаз қаласының маңында отбасымен бірге тұрып жатқан трейлердің контейнерінде ұсталыпты. Бұл аудан Түркия бақылауға алған аймақтың бір бөлігі..

Дереккөз Авадпен бірге оның күйеуі, келіні және бес бала құрықталғанын хабарлады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерінің барлығынан жауап алынған. Оның айтуынша, Бағдадидің әпкесін құрықтау барлау қызметі үшін лаңкестер туралы ақпарат алудың таптырмас көзі болып табылады екен.

«Мұндай дүние – барлау үшін баға жетпес құндылық. Оның ИГ туралы білетіні біздің лаңкестік топ туралы дерекерімізді елеулі түрде кеңейтіп, содырларды көбірек құрықтауға көмектеседі», – деді шенеунік.

АҚШ президенті Дональд Трамптың сендіруі бойынша, Бағдадидің өзінің көзі американдық арнайы жасақтың қазанда өткізген арнайы операциясы кезінде жойылған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз