Шымкент әкімдігінің шендісі пара алды деген күдікке ілінді

Жарияланды
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Шымкент әкімдігі ішкі аудит қызметінің жетекшісі «Музыка колледжі» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны директорынан аудиторлық тексеру бойынша оң шешім шығарғаны үшін 1,2 млн сомасындағы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Осындай қылмысты жасады деген күдікке қаланың білім беру басқармасы бастығы орынбасарының міндетін атқарушы да ілініп отыр, ол мектептердің бірінде оқу ісінің меңгерушісі болып істейтін азаматшаға мектеп директоры болып тағайындалу үшін тест тапсыруда көмек бергені үшін 400 мың теңге сомасындағы пара алған», – делінген хабарламада.

Күдіктілер өз кінәләрін мойындап, шақыру бойынша келу туралы міндетемелер бергендіктен, қамауға алынған жоқ. Күдіктілердің кінәлілік деңгейі жөніндегі түпкілікті шешімді сот шығаратын болады.

Сондай-ақ оқыңыз