Сарапшылар стартегиялық жоспарлау агенттігін қайта құруды ұсынды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Бұл шара бюджеттік жоспарлауды қайта жүктеуге көмектесуге тиіс

Қазақстанда президент жанындағы Стратегиялық жоспарау және реформалар жөніндегі агенттікті қайта құру қажет, деп хабарлады Стратегиялық бастамалар орталығының аға әріптесі Олжас Қудайбергенов.

«Біз президент жанындағы Стратегиялық жоспарау және реформалар жөніндегі агенттіктікті, ол өз бетімен реформалар әзірлеп, үкіметке жаңа бастамалар ұсыну үшін қайта құру керек, деп есептейміз», – деді ол 20-қарашада стратегиялық бастамалардың екінші форумында.

Бұдан бөлек, статистика жөніндегі комитетті қайта құрылатын мемлекеттік органның қарамағына беру ұсынылды. Оның айтуынша, мұндай реформа бюджеттік жоспарлауды қайта жүктеуге мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар, біз стратегиялық жоспарлаудың неғұрлым қарапайым, екі деңгейлі жүйесін құру қажет, деп санаймыз. Қазір бейресми тұрғыдан алғанда, ол үш деңгейлі, бірақ нақты алсақ, ол бес-алты деңгейден тұрады. Өкінішке қарай, ол түрлі индикаторлармен шамадан тыс көп шектелген», – деді Қудайбергенов.

Сондай-ақ оқыңыз