Сағынтаев қала тұрғындарының пікірін білгісі келеді

Жарияланды
Кез келген азамат Алматыны дамытуға қатысты өз ұсынысын білдіре алады

Қала әкімі өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын көпшіліктің талқысына ұсынды. 

«Тек алматылықтарды ғана емес, біздің сүйікті қаламыздың тағдырына немқұрайлы қарай алмайтын барлық адамдарды шаһардың басты құжаты болатын жобаға өзінің сындарлы пікірін білдіруін сұраймын», – деді қала басшысы.

Стратегияның толық мәтіні қалалық газеттерде және Almaty-2050.kz арнайы сайтында жарияланады.  Онда кез келген тұрғын өз пікірі мен ұсыныстарын қалдыра алады.

Сондай-ақ оқыңыз