Рамазан Әлімқұлов пара алғаны үшін сотталды

Жарияланды
Алдағы 3,5 жылды ол темір тордың ар жағында өткізетін болады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі ҚР БжҒМ «Ұлттық тестілеу ортағылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының бас директоры Раман Әлімқұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Оған қонақ үй қызметін көрсету жөніндегі келісім-шартты бұзбағаны, атқарылған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны, жұмысты бетімен жібергені және жалпы қамқорлық жасағаны үшін 5 млн теңге сомасындағы пара алды деген күдік тағылған болатын.

22-қарашада Нұр-Сұлтан қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының үкімімен Әлімқұлов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталды. Сонымен қатар, оған өмір бойы мемлекеттік қызметтегі лауазымда болуға тыйым салынды.

Естеріңізге салсақ, Әліқұолв үстіміздегі жылғы мамырда құрықтылып, артынан сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілініп, тұтқынға алынған болатын. Тұтқынға алар алдында ол Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігігінің «Ұлттық тестілеу орталығына» жетекшілік жасап жүрген еді. Одан бұрын, ол ҚР Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, ҚР Конституциялық кеңесінің бас сарапшысы, Президент әкімшілігінің аға сарапшысы, Білім министрлігі заң департаменті директоры қызметтерінде болған-ды. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы болып тағайындалғанға дейін, ол Қазақстан Республикасы Білі және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамын басқарды.

Сондай-ақ оқыңыз