Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жақындап қалды

Жарияланды
«Жаңалықтар» бөлімінің арнайы тілшісі
Халық саны сегіз облыс және үш ірі қала есебінен өсіп жатыр

Ағымдағы жылғы алғашқы тоғыз айдың қорытындылары бойынша, еліміздегі 14 облыстың алтауында халық саны азайған, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті.

Жария етілген статистика мәліметтерінде көрсетілгендей, жыл басынан бері Қазақстан халқының жалпы саны 174 779 адамға, немесе 0,95%-ға артып, 1-қазанда 18 570 346 адамға жеткен. 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің дерекеріне сәйкес, 14 облыстың сегізінде және ел астанасы мен республикалық деңгейдегі екі ірі қалада халық саны артқан.

Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындылары бойынша, Нұр-Сұлтана халқының саны 43 425 адамға немесе 4,03%-ға (оның ішінде, халықтың табиғи өсімі 18 567 адамды құраған) артып, 1 121 809 адамға дейін жеткен.

Осы мерзімде Алматы халқы санының өсімі 42 487 адамды, немесе 2,29%-ды құраған (табиғи өсім – 16 507 адам), 1-қазандағы халық саны – 1 897 143 адам.

Шымкенте халық санының өсімі 19 588 адамды, немесе 1,94% (табиғи өсім – 10 668 адам), 1-қазандағы халық саны – 1 028 674 адам.

Сонымен бірге, Қарағанды облысы халқы санының төмендеуі жалғасуда – тоғыз айда 1 847 адамға азайып, 1-қазандағы жағдай бойынша 1 376 686 адамды құраған, Қостанай облысында – минус 3 234 адам (1-қазанда 869 651 адам болған), Павлодар облысында – минус 779 адам (753 074 адамға дейін), Солтүстік Қазақстан облысында – минус 4 202 адам (550 315 адамға дейін), Шығыс Қазақстан облысында – минус 6 160 (1-қазандағы 1 372 367 адамға дейін), Ақмола облысында – минус 1 423 адам (1-қазандағы 737 164 адамға дейін) азайған.

Солай десекте, Ақтөбе облысындағы халық санының өсімі жалғасын табуда (8 779 адамға) – 878 416 адамға дейін, Алматы облысында 11 972 адамға) –  2 050 906 адамға дейін, Атырау облысында (8 313 адамға) – 642 104 адам, Батыс Қазақстан облысы (3 743 адамға) –656 068 адам, Жамбыл облысында (3 980 адамға) –1 129 422 адамға дейін, Қызылорда облысында (7 146 адамға) –  801 480 адамға дейін, Маңғыстау (15 332 адамға) –693 531 адамға дейін, Түркістан обласында (27 659 адамға) – 2 011 626 адамға дейін өскен.

Сондай-ақ оқыңыз