Перейти к основному содержанию

kursiv_in_telegram.JPG


123 просмотра

Қазақстан халқының саны 18,6 млн адамға жақындап қалды

Халық саны сегіз облыс және үш ірі қала есебінен өсіп жатыр

Фото: Shutterstock

Ағымдағы жылғы алғашқы тоғыз айдың қорытындылары бойынша, еліміздегі 14 облыстың алтауында халық саны азайған, деп хабарлайды ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті.

Жария етілген статистика мәліметтерінде көрсетілгендей, жыл басынан бері Қазақстан халқының жалпы саны 174 779 адамға, немесе 0,95%-ға артып, 1-қазанда 18 570 346 адамға жеткен. 

Ұлттық экономика министрлігі Статистика жөніндегі комитетінің дерекеріне сәйкес, 14 облыстың сегізінде және ел астанасы мен республикалық деңгейдегі екі ірі қалада халық саны артқан.

Қаңтар-қыркүйек айларының қорытындылары бойынша, Нұр-Сұлтана халқының саны 43 425 адамға немесе 4,03%-ға (оның ішінде, халықтың табиғи өсімі 18 567 адамды құраған) артып, 1 121 809 адамға дейін жеткен.

Осы мерзімде Алматы халқы санының өсімі 42 487 адамды, немесе 2,29%-ды құраған (табиғи өсім – 16 507 адам), 1-қазандағы халық саны – 1 897 143 адам.

Шымкенте халық санының өсімі 19 588 адамды, немесе 1,94% (табиғи өсім – 10 668 адам), 1-қазандағы халық саны – 1 028 674 адам.

Сонымен бірге, Қарағанды облысы халқы санының төмендеуі жалғасуда – тоғыз айда 1 847 адамға азайып, 1-қазандағы жағдай бойынша 1 376 686 адамды құраған, Қостанай облысында – минус 3 234 адам (1-қазанда 869 651 адам болған), Павлодар облысында – минус 779 адам (753 074 адамға дейін), Солтүстік Қазақстан облысында – минус 4 202 адам (550 315 адамға дейін), Шығыс Қазақстан облысында – минус 6 160 (1-қазандағы 1 372 367 адамға дейін), Ақмола облысында – минус 1 423 адам (1-қазандағы 737 164 адамға дейін) азайған.

Солай десекте, Ақтөбе облысындағы халық санының өсімі жалғасын табуда (8 779 адамға) – 878 416 адамға дейін, Алматы облысында 11 972 адамға) –  2 050 906 адамға дейін, Атырау облысында (8 313 адамға) – 642 104 адам, Батыс Қазақстан облысы (3 743 адамға) –656 068 адам, Жамбыл облысында (3 980 адамға) –1 129 422 адамға дейін, Қызылорда облысында (7 146 адамға) –  801 480 адамға дейін, Маңғыстау (15 332 адамға) –693 531 адамға дейін, Түркістан обласында (27 659 адамға) – 2 011 626 адамға дейін өскен.


1389 просмотров

Батыс Қазақстан облысының мұнай және газ секторы кәсіпорындарына шетелдік жұмысшыларды қабылдау тоқтатылады

Облыс шетелдерден келетін электрмен дәнекерлеушілердің және монтажшылардың қызметінен толық бас тартады

Фото: Shutterstock

Шетелдік жұмыс күшін тарту квотасын қалыптастыру жөніндегі облыстық комиссия шетелдерден келетін электрмен дәнекерлеушілердің және монтажшылардың қызметінен толық бас тартқанды жөн көріпті. Бұл жөнінде «Курсив» тілшісіне БҚО-ның еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар хабарлады.

Басшылықта - шетелдіктер

БҚО еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Алтай Құлкаевтың айтуынша, соңғы тоғыз жылда шетелдік жұмыс күшін тартатын компаниялардағы қазақстандық мамандардың үлесі 89,4-тен  92,5%-ға дейін (еңбек министрлігінің мәліметтері бойынша, республикадағы орташа цифр 96%-ды құрайды) өскен. Шетелдік мамандардың БҚО-дағы үлесі 10,6-дан 7,5%-ға дейін қысқарыпты

Құлкаевтың ақпараты бойынша, шетелден тартылған мамандардың 80%-ға жуығы Қарашығанақ газконденсат кенішін игерумен айналысатын компанияның үлесіне тиесілі. Қалған 20% газ бен мұнайдың Шынар кенішінде жұмыс істеуге келетіндер мен шағын және орта бизнесті дамыту инвесторлары.

Кеніш орындарына келетін шетелдік қызметкерлердің 40% – компаниялардың басшылары, олардың орынбасарлары мен құрылымдық бөлімшелердің  (I- және II- санаттағы) жетекшілері. Тағы 55% – білікті мамандар (III-санат), қалған 5% – білікті жұмысшылар (IV-санат).

Құлқаев «Курсивке» түсіндіргендей, 2019 жылғы қазанда шетелдік жұмыс күшін тартатын БҚО-дағы 128 кәсіпорынға жұмысқа 19 мыңнан астам адам тартылыпты, олардың 1457 – шетелдік мамандар. Басшы лауазымдағы қызметке БҚО-ға 878 шетелдік қызметкер келген.

III-санат бойынша, облыста 485 білікті шетелдік мамандар (2018 жылы олардың саны 505, 2017 жылы – 423 адам болған) еңбек етуде. IV-санат бойынша биыл Қарашығанақ кеніш орнына «Газ бойынша өндірістік шектеулерді алып тастау» жобасын жүзеге асыру үшін 94 шетелдік жұмыскерлер тартылған. Осы орайда, Құлкаев 2018 жылы 38 білікті жұмысшы тартылғанын атап өтті. Ал 2017 жылы БҚО-да бар-жоғы жеті шетелдік жұмысшы еңбек еткен болатын.

Айтты – қысқарттық

Үстіміздегі жылғы тамызда Қарашығанақ газконденсат кеніш орнына барған сапарында БҚО әкімі Ғали Исқалиев Қарашығанақ кеніш орнын игеріп жатқа консорциум басшылығына БҚО әкімдігі Қарашығанаққа білікті жұмысшыларды тартудан бас тартуға ниетті екенін жеткізген болатын. Бекітілген квотаға сәйкес, 2019 жылы әңгіме 122 жұмыскерлер туралы болатын. Сонымен қатар, шенеунік шетелден тартылатын білікті мамандар квотасын, шамамен, 120 адамға қысқартуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген еді. Оның орнына Исқалиев консорсиум басшылығына жергілікті жұмысшылар арасынан білікті мамандар дайындау бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

Еңбекпен қамтуды үйлестіру мен әлеуметтік бағдарламалардың облыстық басқармасы «Курсивке» хабарлағандай, 2020 жылы БҚО-ның мұнай-газ кеніштерінде шетелдік білікті жұмысшылар жұмыс істемейді деп, болжаланып отыр. Шетелдік жұмыс күшін тартудың квотасын қалыптастыратын облыстық комиссия шетелден келетін электрмен дәнекерлеушілер мен монтажшылардың қызметінен толық бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сонымен қатар, 2020 жылы шетелдік білікті мамандарды тарту квотасы да қысқартылады (қысқартудың қанша адамды қамтитынын ведомстводағылар хабарламады).

Естеріңізге салсақ, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі мен Бас прокуратураның бастамасы бойынша,  елімізде жергілікті және шетелдік жұмысшыларға қатысты еңбек заңнамасының тең сақталуына қатысты шетелдік жұмыс күшін тартатын 50-ден астам кәсіпорындарда тексерулер жүргізілуде. «Курсивке» БҚО покуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, мұндай тексерулер облыста қоныс тепкен шетелдік компанияларда да жүргіліліп жатыр.Тексерулер нәтижелері 2019 жылдың соңына дейін белгілі болады.
 

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

 

Цифра дня

64-е
место
занял Казахстан по скорости фиксированного интернета в мире

Цитата дня

Популизм – это политика посредственности. Я не раздаю пустых обещаний. Я - человек конкретных дел. Я буду твердо проводить в жизнь свою программу реформ.

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank

Вы - главная инвест-идея

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций