Қазақстан аймақтарында тұрғын үйді пайдалануға беру қарқынының төмендеуі байқалады

Жарияланды
Облыстардың билігі мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыны игеріп үлгере алмай жатыр

2017 жылдан бері пайдалануға берілген тұрғын үйдің неғұрлым көп көлемі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында  тіркелген. Республика бойынша жылдық жоспар 13 млн шаршы метрді құрайды. Бұл туралы үкімет мәжілісінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады.

Осы орайда, оның айтуынша, өткен 10 айдың қорытындылары бойынша, тұрғын үйді тапсыру жөніндегі қарқынның Нұр-Сұлтан бойынша 35,8%-ға құлдырағаны байқалады, бұл, өз кезегінде, жоспарланған көлемге қол жеткізуге кедергі келтіруі мүмкін. Мұнда ағымдағы жылғы жоспардағы 2,7 млн шаршы метрдің орнына өткізілу күтілімі 1,7 млн шаршы метр тұрғын үйді құрап отыр. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (ИжИДМ) басшысы атап өткендей, ағымдағы жылы тұрғын үйді өз уақытында пайдалануға тапсыру үшін құрылыс алаңдарына инженерлік коммуникациялар жүргізуге 77,3 млрд теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы бойынша, қаржыландыру жоспарына сәйкес, аймақтарға 59,3 млрд теңге аударылып, оның 56,3 млрд теңгесі, немесе 96,1% игерілді. 

«Қаржыны игерудің төмен қарқыны Түркістан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында тіркелген. Бір қатар аймақтар сот процедуралары мен жобалау-сметалық құжаттамаға (ЖСҚ) түзетулер енгізілуі салдарынан, бөлінген қаржыны қайтаруды жоспарлап отыр», – деді министр.

Алматы әкімдігі сот процедуралары мен құрылыс алаңдарының дайын болмауы салдарынан, 353 млн теңгені қайтаруды жоспарлап отыр. Елорда билігі ЖСҚ-ға түзетулер енгізілуі салдарынан – 115 млн теңгені, Алматы облысы – 175 млн теңге қайтармақшы.

Сатып алу құқығысыз жалға берілетін тұрғын үйлерді пайдалануға беру бойынша Павлодар, Қарағанды, Атырау, Ақмола облыстарында  қаржы игеру деңгейінің төмен екендігі байқалады. Ағымдағы жылы жұмыс кестесінен артта қалу салдарынан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында жалға берілетін жобалар көрсеткіші бойынша белгіленген межеге жетпей қалу қауіпі бар. Жергілікті бюджеттен қаржыландырудың болмауы салдарынан, Шымкент әкімдігі тарапынан жұмыс істейтін жастарға арналған 600 пәтер сатып алу мәселесі шешімін тапқан жоқ.. 

Павлодар, Маңғыстау, Атырау облыстарында көп балалы отбасылары үшін сатып алу құқығысыз жалға берілетін тұрғын үйлерді өткізуде жеткізілген 50 млрд теңгені игерудің төмен екендігі байқалады.

Сондай-ақ оқыңыз