836 просмотров
836 просмотров

Қараусыз қалдыруға болмайтын 6 аккаунт

«Касперский лабораториясының» Қазақстан, Орта Азия және Моңғолиядағы атқарушы директорының кеңесі

Фото: Shutterstock

Қажет кезде, жабық бір контентке қол жеткізу үшін немесе достарыңыздың өтініші бойынша, белгілі бір ресурсқа тіркелдіңіз делік. Уақыт өте келе бұл контент қызықсыз немесе керексіз боп қалады. Көптеген пайдаланушылар бұндай ресурстардағы аккаунттарын жоймай, жай ғана оған кірмей қоя салады. Ал аккаунт өздігінен ешқайда жоғалмайды, осы сервисте тұрады және оны кез келген уақытта хакерлер бұзуы мүмкін. 

Былай қарасаң, қажеті жоқ профильдің не болары бәрібір емес пе? Бұзса да бәрібір, түкке керегі жоқ. Алайда қараусыз қалған аккаунттарды пайдаланып, алаяқтар қажетті, құпия деректер сақтайтын ресурстарға қол жеткізу мүмкін. Осы орайда, «сақтансаң– сақтаймын» дегендей, қараусыз қалдыруға болмайтын аккаунттар туралы айтпақпыз.  

1.Әлеуметтік желідегі аккаунт

Бүкіл әлеуметтік желілерде аккаунттарын үнемі тексеріп отыратындардың қатары аз. Мәселен, пайдаланушы Facebook желісіне жеке парақшасын ашып, ол арқылы Instagram сынды бірнеше сервиске тіркеледі де, одан кейін, Фейсбуктің өзі аса қажет емес екенін түсінеді. Кейін оның аккаунтына бөтен компьютерден кіргені туралы хат келген кезде де, оған көңіл аудармауы мүмкін. Бұл уақыт алаяқтардың ол кісінің Facebook әлеуметтік желісіндегі достары мен жазылушыларын алдап соғуына молынан жетеді. 

Не істеу керек: 

  • Екі деңгейлі аутентификация орнатыңыз;
  • Есептік жазбаға белгісіз құрылғыдан кіргені жайлы хабарландыруды қосып қойыңыз.

2. Қосымша e-mail

Көп тадамдар аса маңызы емес, жалпыға таратылатын хаттар үшін қосымша электронды пошта ашып, оған кез келген нәрсені, аса маңызды деректер жазылған профилін де тіркей береді. Ал хат тек роботтардан келетіндіктен, оны үнемі тексеріп отырмайды. Сондықтан қосымша почтаның бұзылғанын ұзақ уақыт бойы білмеуі деп мүмкін. 

Не істеу керек:

  • бұл аккаунтқа да екі деңгейлі аутентификация орнатыңыз;
  • негізгі поштаңыздағы жеке папкаға осы  e-mail-дан хат келіп тұратындай баптап қойыңыз. 

3. Кілтсөз менеджері 

Өз аккаунттарыңыздың есептік деректерін кілтсөз менеджеріне сақтап келіп, кейіннен оны ауыстығыңыз келді. Ал ескі менеджердегі профиль ешқайда жоғалмайды, ол жердегі кілтсөздер де сақталады (басым бөлігін ауыстырмағаныңыз анық). 

Не істеу керек: 

  • егер  қолданбайтын болсаңыз, кілтсөз менеджеріндегі бүкіл аккаунттарыңызды міндетті түрде өшіріп отырыңыз. 

4. Интернет-дүкендердегі аккаунт 

Көптеген  интернет-дүкендер сауда жасауға ыңғайлы болу үшін есептік жазбаға банк картасын немесе онлайн-әмиянды байлап қоюды ұсынады. Алайда уақыт өте келе сіз бұл дүкеннің қызметінен бас тартуыңыз мүмкін. Ал аккаунт қараусыз қалса, оны алаяқтар бұзса, құпия деректерге еш қиындықсыз қол жеткізеді, оны сіз өз атыңыздан сауда жасауға талпынған кезде бір-ақ білуіңіз мүмкін. 

Не істеу керек: 

  • интернет-дүкендердегі аккаунттарға картаңызды байламаңыз;
  • егер сервис картаңызды автоматты түрде есте сақтап қалса, оны байланған карталар тізімінен өшіруді ұмытпаңыз;
  • итернет арқылы жасалатын сауда-саттық үшін жеке карта ашып, онда аз-маз ғана қаржы ұстаңыз. 

5. Қызметтік Google-аккаунты

Егер сізге жұмыс бабымен GoogleAnalytics және осы сынды өзге сервистерге кіру қажет болса, осы мақсатта  қызметтік Google-аккаунт ашуыңыз мүмкін. Жеке және қызметтік профильдерді бөлек ұстау – жақсы тәсіл, бірақ көп адамдар жұмыстан шыққан кезде, қызметтік аккаунтын жоюды ұмытып кетеді. Ал интернет кеңістігінде түрлі қызметтік құжаттар мен құпия ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін, ешкімге тиесілі емес аккаунт қалады. Мұндай аккаунтты бұзса, оны табудың өзі қиынға түседі, өйткені ондай аккаунт бар екені ешкімнің есінде де қалмайды. 

Не істеу керек: 

  • Жұмыстан кеткен қызметкердің Google-аккаунтын ұмытпай, жауап тастау. 

6. Телефон номері

Кейбір пайдаланушылар негізгі телефоны спамға толмас үшін түрлі қызметтер мен карталар, бонустық бағдарламалар және көпшілікке арналған Wi-Fi желілері үшін жеке телефон нөмірін ұстап жүреді. Сонымен қатар, олар осы SIM картаны екі деңгейлі аутентификация үшін пайдаланады. Алайда, оператор үшін сіз ақша  салмайтын SIM-картаға қызмет көрсету тиімсіз. Егер сізге номер СМС қабылдау үшін қажет болса, онда оператор үш айда бұл номерді бұғаттап, қайта сатады.  Қайта сатылған номерді сатып алушы адал болмай шықса, интернет қызметтер тізбесінен есептік жазбаларыңызды тауып алып, ондағы құпия сөздерді өзгерте алады, оны кейін қалпына келтіру оңай емес. Мәселен, қаңтар айында алаяқтар бір әйелдің (оператордын айтуынша) ұзақ уақыт пайдаланбаған номерін сатып алып, оның есепшотында жатқан қаржысын түгел жұмсап тастаған. 

Не істеу керек:

  • екі айда бір рет қоңырау шалып немесе қосымша телефон нөмірінен, кем дегенде, бір SMS жіберіп отырыңыз;
  • әрқашан осы телефонның балансына аз-маз ақша салып отырыңыз.

Байқап отырғандарыңыздай, аккаунт өзі керек болмаса да, көптеген қиындық тудыруы мүмкін. Қараусыз қалған аккаунт тудыратын қауіп-қатердің салдарымен күрескенше, оның алдын алған оңай. Сондықтан біз аккаунттарыңызды ұмытып кетпей, әрқашан қадағалап отыруды ұсынамыз.

Читайте "Курсив" там, где вам удобно. Самые актуальные новости из делового мира в Facebook и Telegram


Материалы по теме


Читайте в этой рубрике

#Коронавирус в Казахстане

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

kursiv_instagram.gif

Читайте свежий номер