Еуропадан есірткі алдырғандар ұсталды

Жарияланды
Алматы қаласының екі тұрғыны синтетикалық есірткі сатпақ болған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қалалық департаменті Қазақстанға Еуроодақ елдерінен пошта арқылы синтетикалық есірткі жеткізетін контрабандалық арнаны ұйымдастырған топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз-қызметі. 

2019 жылғы 6-қарашада пошта бөлімшесінде жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде, Қазақстанға Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды. Олардан 968 психотропты таблетка табылған.

«Ұсталған  азаматтың бірінің үйінен, шамамен, 1.5 келі «гашиш» пен 30 грамм мефедрон алынды. Тәркіленген заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды»,– делінген хабарламада.

Олар есірткі мен психотропты заттарды интернет-дүкен арқылы сатып алған.

Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қалалық департаменті Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлімі негізінде қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азаматтар Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз