Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың еңбекақысындағы айырмашылықты көрсетті

Жарияланды
Ведомство шетелдік жұмысшыларды тартатын барлық кәсіпорындарды тексеріп жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкіметтің қалтарысында шетелдік мамандарды тартатын кәсіпорындарды тексерудің нәтижелері туралы айтып берді. 

Министрдің айтуынша, бірінші кезеңде 50-ден астам шетелдік мамандарды жұмысқа тартатын кәсіпорындарды тексеру жүзеге асырылыпты. Барлығы, 63 вомпанияның қызметіне инспекция жасалынған.

«Тексерулер аяқталды. Жалпы, еңбек заңнамасын бұзудың 700-ден астам фактісі, ал 24 компанияда қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу мен жұмысын жағдайындағы 400-ден астам диспропорция фактілері анықталды», – деді Нұрымбетов.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тексерулер 30 астам шетелдік мамандарды тартатын тағы 34 компанияда жүргізіліп жатыр. Қазірдің өзінде олардың төртеуінде қазақстандық және шетелдік еңбеккерлерге еңбекақы төлеу мен басқа да тұрмыстық жағдайлар жасауда диспропорциялар бар екені анықталды.

Естеріңізге салсақ, Теңіз кеніш орнындағы жаппай төбелестен кейін, жан-жақты тексерулер басталған болатын. 
Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау минстрлігінің мәлңіметтері бойынша, Қазақстанда 21300 шетелдік азаматтар еңбек етуде. Олардың көпшілігі – орта буындағы басшылар және бір мыңнан сәл астамы – топ-менеджерлер.

Сондай-ақ оқыңыз