Бүгін сот «Алматыметроқұрылыс» басшысын тұтқынға алу мәселесін қарайды

Жарияланды (жаңартылды )
Сот отырысы, шамамен, 17:00-18:00 сағаттар аралығында өтеді

Бүгін Алматыда ұсталған «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Реимовке қатысты бұлтартпау шарасын таңдау бойынша сот отырысы өтеді.

«Тергуші прокуратураға қолдаухатпен шығу керек. Егер прокуратура келісімін беріп, қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдауға қолдау білдірсе, материал тергеу сотында қаралатын болады», – деп мәлімдеді Kursiv.kz тілшісіне ұсталған азаматтың адвокаты Әлімжан Оралбай.

Сот отырысы, шамамен, 17:00-18:00 сағаттар аралығында өтеді, деп күтілуде.

Естеріңізге салсақ, Қайрат Реимов 27-қарашада таңертең ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Күдікті екі тәулікке қамалған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз