Қай өңірде балабақша тапшы?

Жарияланды
Қазақстанда балабақшалардағы 100 орынға, орта есеппен, 106 баладан келеді

2018 жылы мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі 100 орынға 106 баладан келген, яғни, балабақшаларда бос орын тапшы. Айталық, 2017 жылы дәл осы орын санына 96,1 баладан келген, деп хабарлайды EnergyProm.

2018 жылы 17 өңірдің 13-де 100 орынға жүзден астам баладан келген, тек еліміздің 4 аймағында: Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында бүлдіршіндер балабақшамен толық қамтамасыз етілген.
 
Ал Ақтөбе (100 орынға –129 бала), Қостанай (100 орынға –128 бала), Павлодар облыстары бүгінде балабақша тапшылығымен бетпе-бет келіп отыр. 

2019 жылғы екінші тоқсанда мектепке дейінгі білім беру саласында 96,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген, ол 2018 жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда, 12,1 млрд теңгеге артық. 

Ал өңірлер бойынша алсақ, биыл осы уақытта мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы ең көп қызмет 12,3 млрд теңге көлемінде –Түркістан облысында  көрсетіліпті. Ал Алматы қаласы мен Алматы облысында көрсетілген қызмет көлемі тиісінше, 10 млрд және 8,2 млрд теңгені құрады (бір жыл бұрын 8,4 млрд және 5,5 млрд теңге болған). Сонымен қатар, Жамбыл облысында осы салаға 7,8 млрд теңге жұмсалса, ал Нұр-Сұлтан қаласында  7,1 млрд теңгенің қызметі көрсетілген.
 

Сондай-ақ оқыңыз