Бұрынғы премьер Серік Ахметов мемлекеттік қызметке жіберілмеді

Опубликовано
Сонымен қатар, ол мерзімінен бұрын шартты бостандыққа да шығарылмайтын болды

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық соты Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовтың бостандықты шектеу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертусіз қалдыру туралы шешім қабылдады. Сөйтіп, сот оның босатылуына қарсы болған прокуратураның өтінімін қанағаттандырды. 

Сотта шендінің авдвокаты Николай Лесник жазаны өтеу кезінде Ахметов мырзаның ешқандай тәртіп бұзуға жол бермегенін және мемлекетке келтірілген залалды толық өтегенін атап өтті. 

Осыған орай, адвокат Жоғарғы соттың 2015 жылғы 2-қазандағы №6 «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» қаулысына сілтеме жасай отырып, бостандықты шектеуді мерзімінен бұрын шартты бостандыққа шығарумен алмастыру туралы өтінішін қанағаттандыруды өтінген болатын. 
 
Бұдан бөлек, материалдық құқықтың сол нормасының негізінде қорғаушы Ахметовты жазаның өтелмеген мерзімінде мемлекеттік органдардағы лауазымдарда болу құқығынан айыру түріндегі қосымша жазадан босату туралы мәселені қарастыруды өтінген болатын. 

«Біз соттан өз өтінішімізді қанағаттандыруды және менің қорғауымдағы адамды жазаның негізгі және қосымша түрлерін өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды сұраймыз», — деді өз сөзінде Лесник.

Өз кезегінде прокурор Әсем Тергеубекова соттан аталған талаптарды қанағаттандырудан бас тартуды өтінді. 

«Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы пробация қызметі ұсынған мәліметтерді зерттеп, Ахметов Серік Нығыметұлының өтінішін қанағаттандырудан толық көлемде бас тарту керек деп ойлаймын. Өйткені онда сотталушының түзеліп, дұрыс жолға түскенін және оған жазаны ары қарай өтеудің қажет емес екендігін дәлелдейтін мәліметтер көрсетілмеген», — деп атап өтті прокурор.

Журналистермен болған бейресми әңгіме кезінде Серік Ахметов өзі туралы жаңалықтарды бақылап отыратынын, бірақ білдірілген пікірлерді оқымайтынын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, еліміздің экс-премьер-министрі Серік Ахметов 2015 жылғы желтоқсанда мүлігі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, сотталған болатын. Сот оны сыбайласжемқорлық қылмысын жасады, оның ішінде, аса ірі көлемде бюджет қаржысын жымқырды, қызметтік құзыретін теріс пайдаланды және кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысты деп таныды. Соттың істі қарау кезінде ол 2,2 млрд теңге сомасында мемлекетке келтірілген залалды өтеді.

Одан кейін, апелляция алқасы оның жазасын 8 жылға дейін қысқартты. 2017 жылғы қаңтарда Серіку Ахметов рақымщылыққа ілініп, оның өтелмеген жазасы бір жыл жеті ай 11 күнге қысқарған болатын. Артынан жаза шарасы бостандықты шектеумен алмастырылып, 2017 жылғы қыркүйекте ол бостандыққа шыққан болатын

Читайте также