Qaznet Trust Network сертификатының кемшілігі неде?

Жарияланды
Ak Kamal Security жоба менеджерінің пікірі

Жақында Нұр-Сұлтан тұрғындарының телефондарына интернетке қосылған әрбір құрылғыға қауіпсіздік сертификатын орнату жайлы хабарлама келді. Телеком-операторлар  сертификат орнатылмаса, желіге кіруде қиындық туындайды деп ескерткен. 

Бұл талабында олар «Байланыс туралы» Заңға сілтеме жасайды. Аталмыш заңның 26-бабында: «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары Қазақстан Республикасының аумағында ақпаратты криптографиялық қорғау құралдары арқылы шифрланған трафикті қоспағанда, трафикті өткізуді қауіпсіздік сертификатын қолдана отырып шифрлауды қолдайтын хаттамаларды пайдаланып жүзеге асыруға міндетті» делінген. 

Осы ретте Qaznet Trust Network сертификатын қолданудың пайдаланушы үшін тікелей және жанама қандай қауіп-қатері бар екенін анықтап көрелік.
 
Ең оңайынан бастайық. Сайттарға сертификат енгізудің шифрлаудан бөлек, тағы бір маңызды мақсаты бар еді: қолданушының өзі кіргісі келген сайтқа тура өткеніне көз жеткізу. 

Өз браузеріңіздің мекен-жай тармағына көңіл аударсаңыз, сайт атауының қасында әркез «құлып»  белгісі тұрады. Егер сертификат шын және сайтпен сәйкес болса, оның түсі жасыл болады. Оны шертіп қалсаңыз, сайт қолданатын сертификатты кімнің кімге бергенін біле аласыз. Ал сертификаттың сайтпен сәйкестігін браузер өзі тексереді.
 
Qaznet Trust Network қауіпсіздік сертификатын қолданған жағдайда, белгілі бір сертификаттарды тексеру мен сенім мәселесі трафик қармаумен айналысатын жүйеге қайта сатуға беріледі. Ал қолданушы бұл үрдісті  аз да болса қадағалау мүмкіндігінен айырылады.

Бұнда бөлек, тағы бір қауіп бар. Егер Қазақстанның барлық сыртқы трафигі қармау жүйесіне мәжбүрлі түрде көшірілетін болса, онда Qaznet Trust Network сертификатын орнатпаған қолданушылар үшін барлық сайттар қауіпті болып шыға келеді. Өйткені қармау жүйесі, айталық, facebook.com тұпнұсқа сертификатын өзінікіне ауыстырады, ал қазақстандық браузер үшін бұл сертификат сенімсіз болып табылады. Сәйкесінше, бұл сайтқа өткен сайын, ауысуды бұғаттап, аталмыш беттің қауіпті екенін ескертіп тұрады. Желідегі бүкіл сайттармен осындай жағдай орын алады.

Әрине, әр сайтты ашқан сайын оған мәжбүрлі түрде өтуге болады. Бірақ қолданушының соған бойы үйреніп кететіні соншалық, шынымен де қауіпті сайттарға өтіп кету мүмкіндігі жоғары, екіншіден, оны аңдудан еш құтқара алмайды.
 
Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе туындайды: бұл жүйе «дұрыс» емес деп танылған, яғни сертификаты бар-жоқ болсын, домен атына сәйкес келмейтін, сенімділердің тізімінде жоқ трафикті не істемек? Бір жағынан оны бұғаттаған дұрыс, өйткені ол алаяқтардың сайты болуы мүмкін. Бірақ бұл жағдайда көптеген порталдар мен ірі компаниялардың жеке сертификатты қолданатын ішкі жүйелері автоматты түрде бұғатталады. Өйткені олардікі сенімді сертификаттар тізіміне кірмейді. Осылайша көптеген компаниялардың Қазақстанда жүрген қызметкерлері ішкі жұмыс жүйесіне қол жеткізе алмауы мүмкін. Тіпті олар өз ноутбугімен Қазақстанда іссапарға келсе де. Алайда бұл трафик бұғатталмаса, 

Qaznet Trust Network қауіпсіздік сертификаты қамтамасыз етеді делінетін қандай қауіпсіздік туралы сөз болмақ? 
Біз бұған дейін ықтымал қауіп-қатер туралы сөз қозғадық. Ал жіберілетін деректерді жинау мен сақтау мәселесі одан да өткір тұр. Бұл реттегі ең басты сауал: оны кім, қайда, қалай сақтайды? Мәселенің бәрі хат алмасу мен жеке құпияға тіреліп тұрған жоқ. Бұлардан бөлек, тұтынушы кірген бүкіл сайттардағы логин мен құпиясөз сынды сәйкестендіру деректерін қағып алады. Ең бастысы, олармен бірге барлық төлем деректері, яғни, картаның номері, жарамдылық мерзімі, тіпті CVV коды да кетеді. Ал бұл деректер картаны өзіңдікі секілді пайдалану үшін жеткілікті.
Осы жағдайды ескере отырып, жиналған деректер сақталатын жүйелерде қатаң қауіпсіздік шаралары қолданылуы тиіс.

Біріншіден, бұл деректер түрлі хакерлік шабуылдардан жоғары деңгейді қорғалуы керек. Егер бұл жүйе іске қосылатын болса, ол бүкіл әлемнің киберқылмыскерлердің көз құртына айналатын майшелпек болмақ. Өйткені алаяқтар миллиондаған карта мен аккаунт деректеріне қол жеткізуге мүмкіндік алады. 

Екіншіден жүйенің сыртқы шабуылдардан ғана емес, ішкі қорғанысы да мықты болуы керек. Өйткені осы жүйеде жұмыс істейтін қызметкердің деректерге тіркелмей-ақ қол жеткізу мүмкіндігі, оның басын айналдыруы мүмкін. Деректерді жеке мақсатта немесе үшінші тарапқа беріп, табыс көргісі келетіндер әркез табылады.

Мемлекеттік мекемелерде ақпараттық қауіпсіздікке қатысты түрлі жанжалдың тұрақты түрде туындайтынын ескерсек, аталмыш деректерді қорғау мәселесі көңіл көншітерлік емес. Бұл ретте техникалық шаралардан бөлек, кадрларды да дұрыс таңдау керек: жүйеге кіруге рұқсаты бар қызметкерлерге үлкен жауапкершілік жүктелуі тиіс. 

Жалпы, ақпараттық қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету – тек  оның таралуының алдын алады. Бұл қауіпсіздік шараларының бәрі деректеріміздің қауіпсіздігін толық қамтамасыз етпейді, өйткені қазіргі кезде құпия деректердің өзі жария болатыны былай тұрсын, ЦРУ, ФСБ сынды өз құпиясын сақтай алатын агенттіктер де анда-санда ақпаратына ие бола алмай жатады.

Сондай-ақ оқыңыз