Перейти к основному содержанию

1 просмотр

Как отдыхать и не думать о работе

Несколько полезных советов

Фото: Shutterstock

Каждый мечтает отдохнуть, полностью «отключившись» от работы, но не каждому это удается – особенно если сотрудник из числа руководителей или «ключевых» людей для компании. «Курсив» представляет несколько рекомендаций Кристины Тен (HR-бизнес-партнер АО «KazTransCom») по поводу того, как привести свою команду к эффективной работе во время вашего отсутствия.

1. Взращивайте преемников

Хорошего руководителя определяют не только по цифрам и результатам, но и по людям, которые работают вместе с ним. Умение взращивать преемников – обязательный навык хорошего руководителя.

Кто такой преемник? Это тот, кто полностью перенимает опыт своего наставника и может в любой момент занять его место без какого-либо ущерба для компании, а в некоторых случаях даже повысить ее эффективность. Убедитесь в том, что ваш преемник знает обо всех текущих проектах, может взаимодействовать со всеми подразделениями, а самое главное – это тот, на кого вы можете положиться.

Не бойтесь взращивать преемников, ведь успешные преемники – это заслуга успешных наставников. Делитесь своими знаниями и опытом, тем самым повышая эффективность и вызывая доверие со стороны своей команды.

2. Позволяйте своей команде принимать решения

Всегда разговаривайте со своей командой. Люди должны не бояться высказать свое мнение. Еще несколько лет назад подчиненным не давали права голоса – все решали начальники. Но времена меняются, и компетенция «Инициативность» стала одной из ключевых при поиске хороших кандидатов. Если возникли сложности – не старайтесь решить все сами, а помогите сотрудникам найти правильное решение вместе с вами. Научите свою команду брать на себя ответственность, а не перекладывать ее на других.

Перед тем как уйти в отпуск, обязательно обозначьте допустимые рамки в принятии решений.

3. Делегируйте задачи членам команды, учитывая их сильные стороны и зоны роста

Не сосредотачивайте все на себе. Задача руководителя – руководить, а не исполнять. Чтобы правильно делегировать задачи, необходимо знать свою команду. Общайтесь с ними, получайте и давайте обратную связь, выявляйте сильные стороны каждого, улучшайте их, помогайте им развиваться.

Задачи и обязанности должны распределяться между членами команды с учетом их сильных сторон.

При правильном делегировании каждый член команды несет ответственность за тот или иной участок работы – тем самым руководитель только курирует процесс, а работники, в свою очередь, владеют всей необходимой информацией.

Ставьте перед сотрудниками конкретные задачи и указывайте сроки выполнения (постановка задач по SMART). Убедитесь в том, что ваши работники понимают вас.

4. Доверяйте своей команде

Чем больше вы доверяете им, тем больше они чувствуют на себе ответственность. К тому же доверие со стороны руководителя воспринимается сотрудниками как часть нематериальной мотивации и развивает в них лояльность к руководителю. Дайте понять своим людям, что вы уверены в их компетентности, и даже если они где-то ошибаются, то вы готовы помочь им в решении возникших сложностей.

Итак, перед тем как уйти в отпуск, озвучьте несколько правил: например, что вы будете недоступны, либо с ограниченным доступом к почте и телефону и т. д.

Обязательно поставьте в известность свою команду, а также людей, с кем вы взаимодействуете, укажите замещающее лицо на все время вашего отсутствия. Постарайтесь решить стратегически важные задачи до своего ухода, так как для замещающего лица решение таких задач может оказаться большим стрессом.

772 просмотра

Мигрантқа жайлы мемлекет атану мақтаныш па, әлде қауіп пе

Дәстүрлі қонақжайлылығымыз өзімізге таяқ болып тимей ме

Фото: из открытых источников

Кеше  «Гэллап» халықаралық қоғамдық пікірді талдау және сараптау» орталығы ТМД елдері бойынша  мигранттардың жұмыс істеуге деген қызығушылығына, талпынысына зерттеу жасағандарын мәлім етті. Ал мұны Ресейдің БАҚ өкілдері бірінен соң бірі жария етті. 
 

Аталмыш институт мамандары 16 мемлекеттегі 1,5 млн  мигранттың пікірін талдай келе, оларға қатысты қай елдің «қонақжайлылық» танытатынын сарапқа салған.  Халықаралық институттың мәліметінше, мигранттарға қабақ шытпайтын елдердің қатарында Әзірбайжан мен Грузиядан кейін, Қазақстан  үздік үштікке ілініп тұр.  Тіпті, сауалнамаға қатысқан мигранттардың арасында «Қазақстанның заңдары өздеріне өте жайлы» екендіктерін ашып айтқандар көптеп кездескен. Ал мигранттар үшін мазасыз елдердің қатарына Ресей, Украина, Қырғызстан, Молдова, Армения енген. 

Шеттен нәпақа табуға  келетін мигранттардың көпшілігі Ресейдегі расизмді сөз етсе, Армения еліне жұмыс  іздеп баратын мигранттар бұл елдің заңының тым қаталдығын айтып, мұңын шағыпты. Зерттеу-талдау жұмысына қатысқан мигранттардың 52 пайызы өздеріне Қазақстанда жұмыс істеудің жайлылығы, қазақ жерінен нәпақа табудың табысты екенін алға тартқан.

Елімізде қанша мигрант жүр? 

Есепке жүгінсек, 2019 жылғы дерек бойынша,  Қазақстанда  300 мыңнан астам мигрант нәпақа тауып жүр. Бүгінде елімізге бір ғана Тәжікстан мен Қырғызстаннан келетін  жұмыс күшінің саны 100 мыңнан асып жығылыпты. Сол 100 мың тәжіктер мен қырғыздардың 70 мыңы отандық базарларда сауда-саттықпен айналысса, қалған 30 мыңы түрлі құрылыс жұмыстарына жегілуде. Сол тәрізді Түркменстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден елімізге енетін мигранттар  саны да артып келеді.

«Олардың 300 мыңы  тіркеуде болса, біразы тіркеуден өтпеуі де мүмкін» дейді мамандар. 

«Елімізге енетін мигранттар саны жыл сайын артып келеді. Қазір есеп бойынша, Қазақстанға енетін мигранттар саны 300 мыңнан асып жығылған. Тіпті, олардың тіркелмей, жұмыс істеп жүргендері қаншама?!

Мигранттар 1 млнға артуы мүмкін 

 Келешекте елімізде түрді өндіріс орындарын ашу, Тұрғын үй құрылысын жандандыру қолға алынып, жекелеген үй тұрғызудың ауқымы артпақ. Сондықтан 2025 жылға қарай, елге шеттен енетін мигранттардың саны 1 млнға жуықтауы әбден мүмкін. Бұл ретте, бізге пікір білдірген экономист-ғалым Бейсенбек Зиябеков былай дейді: 

 «Болашақта біз осы мәселеде шешілмей жатқан түйіндерді шешіп алуымыз керек. Жалпы, мигрантқа қонақжай  ел атану - мақтан емес. Бізге  шеттен келетін жұмыс күшіне қатысты белгілі бір талаптарды қатайту керек».

Экономист-мамандардың пайымдауынша, болашақта біз үшін мигранттарға тапқан табысын заңдастыруды қолданысқа енгізу қажет. Бірінші кезекте мигранттарға кепілді депозит ашуды міндеттеу де маңызды болмақ. Себебі, шеттен келген мигранттар еліміздіңң заңнамасын бұзған жағдайда, оларды Қазақстаннан тысқары шығарып, өз елдеріне депортациялау үшін  де мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінеді.

Осындай сәтте, мемлекет бюджетінен қаржы жұмсамау үшін, мигранттардың депозитінде жатқан қаржы алынып, өз тапқан ақшалары өздеріне жұмсалып, мәселе оңай шешіледі. 

Олардың табысы есепке алына ма?

Мамандардың байыптауынша, елде жұмыс істеп жүрген мигранттардың  көпшілігі табысын жасырады. Олардың кейбірі жекелеген үйлерде, жекелеген кәсіпкерлердің қол астында жұмыс істейтіндіктен, олар, тіпті, Қазақстанда тапқан табысы үшін мемлекетке табыс салығын да төлемей жатады. 

Бұл ретте, миграция және көші қон саласын зертетуші, әлеуметтанушы маман Марал Төртенова былай деді: 

«Бір ғана тәжіктерді алайықшы, олар Қазақстанның базарларында кептірілген жемістерді сатып, қанша пайда көруде?! Сол өнімдердің бағасы да қымбат. Кептірілген өрік-мейіздердің бір келісі ғана 1500-2000 теңгені құрайды. Басқа өнімдерінің бағалары, тіптен, шарықтап тұр".

Осыны ескерсек, біз үшін болашақта мигранттарға бақылауды күшейту, оларға салық төлету, кепілді депозит аштыру маңызды,дейді сарапшы. Мысалы, бізде заң бұзған 1 мигрантқа 1 мың айлық есептік көрсеткіш айппұл салынады. Ал енді 1 айлық есептік көрсеткіш қазір 2525 теңге, 1 мың айлық көрсеткіш 2 млн 525 теңге болады. Сауда-саттық саласында, құрылыс саласында жүрген  мигранттар біздің елде ай сайын қомақты сома табады.

"Олар табысын жасырады. Араларында тіркеуге тұрмай, полицей қызметкерлерінің көзіне түспей қашып, тіпті, құжатсыз жүретіндері де бар. Сондықтан оларға бақылауды күшейту керек. Мигранттарға талапты, тіптен, қатаңдатып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру қажет.  Сондықтан олар да салық төлеп, табыстарын заңдастырып, ақша тапқан елдің заңына қатысты шарттарды орындауы тиіс», - дейді сөзін нақтылай түскен маман. 

Табыс аз болса олар Қазақстанға келмейді

Жалпы, мамандар мигрантқа жайлы ел атану мақтаныш емес екенін нықтап отыр. Бұл ретте, ТМД-ның басқа елдерін мысал еткен экономист-ғалым Бейсенбек Зиябеков былай деді:

 "Әзірбайжанда заңсыз жұмыс істесе, сырттан келген мигранттарға да, жұмыс берген адамға да айыппұл салынады. Ал біз бірінші кезекте жұмыс берушіні айыптап шығамыз. Ол жұмыс беруші Қазақстан азаматы ғой. Сондықтан, бұл ретте, мигранттарға да «арзан жұмыс күші» деп аяушылық танытудың қажеті жоқ.  Мигранттар аз табыс табатын болса, Қазақстанға келмейді». 

 Сөйтіп, мамандардың пайымдауынша, мигранттар қорғансыз емес, қауіпті. Егер болшақта біз мигранттар мәселесінде заңды қатайтпасақ, 2025 жылға қарай, елге келетін жұмыс күші, тіптен, арта бастайды. Осы кезең біз үшін қауіпті болмақ.

Өйткені сырттан жұмыс күші ағылған сайын, елдегі азаматтарды да жұмыспен қамту жағы қиындай түседі. Бұл қазірдің өзінде «екі қолға бір күрек» таппай жүрген қазақ азаматтарының санын арттыруы әбден мүмкін. Содан соң, сырттан келетін жұмысшылардың артуы елдегі ішкі қауіпсіздікке де  үлкен сын.  
 

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

drweb_ESS_kursiv.gif