Перейти к основному содержанию

bavaria_x6_1200x120.gif


411 просмотров

Ақтаудағы яхта клубы жабылуы мүмкін

Ол халықаралық спорт қауымдастығы мойындаған Қазақстандағы жалғыз яхта клубы еді

Фото: автора

Ақтаудағы яхташылар клубты сақтап қалу  мен теңіз туризмін дамыту үшін барын салуда. Жергілікті әкімдік даулы мәселені шешуге тіпті қала тұрғындарын да тартып, қарт Каспийдің жағасында орналасқан жалғыз яхта клубының тағдырын елмен бірлесе шешпек. 

«Бриз» яхта клубы Ақтауда 80-жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Ал 90-жылдардың басында клуб заңды тұлға ретінде тіркелген кезде, өзі тұрған жерді (0,46 га)  жалға алу туралы келісім-шарт жасаған. Бұрындары жалға алу уақыты әр 10 жыл сайын ұзартылып отырған еді. Клубтың ғимаратын бұзу туралы әңгіме өткен жылдың қараша айында шыққан, жағалауды кеңейту мәселесіне қатысты өткен қоғамдық тыңдау кезінде клуб ғимараты  құрылысқа кедергі келтіретіні айтылған еді. Дәл сол уақытта клуб басшылығы қала әкімдігіне жер телімін жалға алу уақытын ұзарту туралы өтініш берген. 

«Біз үш ай бойы жауап ала алмай, жалға алу уақытын ұзарта ма, жоқ па, соны біле алмай дал болдық. Қаланың сәулетшілерімен кездесуде маған  ғимараттың сыртқы келбеті нашар, оны жөндеу керектігін айтты», – дейді «Бриз» яхта клубының командоры Сергей Кулькин.

Жағалаудың қалалық әкімдік жасаған жобасында яхта клубы ғимаратының орнына бастырма мен гүлзар салынады деп жоспарланыпты. Десе де, яхталар өз орнында қалған. Клуб ғимараты жобада қарастырылмағанын білген кезде, яхташылар баспасөз өкілдеріне жүгінеді. 

«Қала билігі ғимаратты жайдан-жай  алып тастай алмайды, сондықтан жағалауға клуб арқылы өтетін жолды 8 метрге дейін кеңейт деген шарт қоя бастайды. Бұл ғимаратты бұзу керек деген сөз»,– деп пайымдайды Сергей Кулькин. 

Бүгінде яхта клубының ғимаратында 2 каюта компаниясы, яхта жөндейтін шеберхана, құрал-жабдықтар мен мотор сақтайтын қойма орналасқан. Соңғысын байлауда тұрған қайықтан міндетті түрде шешіп алу қажет, өйткені клуб шекаралық аймақта орналасқандықтан, теңізге түн уағында рұқсатсыз және бақылаусыз шығудың алдын алуы керек. 

Клуб мүшелері 30 жыл ішінде өз күштерімен жағалау аймағын абаттандырып, қаладағы жалғыз әмбебап айлақты тұрғызған. Айта кету керек, Ақтау және Құрық порттарындағы айлақтар режимдік нысан болғандықтан, ол жаққа шағын кемелер тоқтай алмайды. Ал «Бриз» яхта клубы жақында ғана теңіз картасына енгізіліп, әлемдік қауымдастық мойындаған. 

Бұл ғимаратты қалдырған күннің өзінде, ол яхта клубы мүшелерінің есебінен жөнделетін көрінеді. 

«Бізді алаңдатып отырғаны – белгісіздік. Әкімдікке осымен үшінші жобамызды ұсындық, онда клуб ғимараты өзгергенімен, өз орнында қалады. Ал жергілікті билік өз жобасын жүзеге асырғысы келеді, олардың жобасында яхта клубының ғимараты мүлдем жоқ», – дейді Сергей Кулькин. 

Туризмнің дамуына салынған тұсау

Клуб мүшесі және кәсіпкер Андрей Чулаков 20 жылдан бері қайық, яхта жалға беру және серуенге арналған катамаран жасаумен айналысып келеді. Сонымен қатар, кәсіпкер осынша жыл яхталарға арналған тұрақ салуға қол жеткізе алмай келеді. Өйткені қазіргі кезде Қазақстан – теңізге шығатын жолы болса да, жеке яхта порты жоқ жалғыз мемлекет. 

Біраз жыл шетелде жұмыс істеп келген Андрей Чулаков су туризмін қалай дамыту керектігін жақсы біледі. Құрлық туризміне қарағанда, оған арнайы база мен инфрақұрылым: кеме, қайық, моторлар мен желкендер, кеме жөндейтін жер мен су көлігі тоқтайтын айлақ қажет.

«Қазіргі кезде яхта клубы – жағалау базасы, ол азды-көпті теңіз туризмін  дамытып келеді. Шенеуніктер жоғары мінберлерден туризмді дамыту керек дегенімен, өздері қолда бар дүниенің түбіне жетіп жатыр. Кейде қолдарыңнан  түк келмесе, жап-жақсы жұмыс істеп тұрған нәрсеге тиіспеңдер дегім келеді», – дейді «Курсивке» берген сұхбатында Андрей Чулаков. 

Өткен жылы жергілікті әкімдіктің талабы бойынша,  тұрғындар үшін клуб арқылы өтетін жол ашылған. Сондықтан Андрей Чулаков жағалауды абаттандыру жобасына жұмыс істеп тұрған клубты кіргізген жеңіл болады деп тұжырымдайды. Өйткені тұрғындар мен қала қонақтарына жағалауға клуб аймағы арқылы өтіп, яхталарды тамашалаған қызық болмақ. 

«Егер ғимаратты бұзса, қайық пен желкенді, басқа да құрал-жабдықтарды қайда сақтаймыз? Бізге бір жерде бас қосып, жиналып тұру керек. Бізде дайверлер мен яхташылар оқып-жаттығады, оған қоса ғимаратта карталар, түрлі суреттер сақтаулы. Мәселен, клуб мүшелері «Шоқан Уәлиханов» яхтасымен жер бетін айналып шыққан. Егер ғимаратты бұзып тастаса, қайығымызбен құмда қаламыз», – деп ашынады Чулаков мырза. 

Клуб аймағында тұрған яхталардың басым бөлігі клуб мүшелеріне тиесілі. Сондай-ақ кеме-қайығын өздері күзете алмайтындар да осы айлаққа кемелерін қояды. 

«Теңізге қайықты ала салып, жайдан-жай шыға салмайсың. Теңізге шығу үшін полиция, ҰҚК, әкімдік пен шекарашылардың құжаттарына қол қоюың керек. Басқасын айтпаған күннің өзінде, құжаттардың ішінде жабық аймақ тұрағымен келісім-шарт болуы керек, онсыз шекарашылар теңізге шығуға рұқсат бермейді», – деп нақтылайды А.Чулаков. Оның айтуынша, яхта клубындағыдай күзетілетін кеме тұрағы басқа жақта жоқ. Сондай-ақ, жаңа яхта клубын салатын жер де қарастырылмаған.

Халықтың таңдауы

Сергей Кулькин сәуір айында үшінші рет  қала әкімінің атына жобаның экскизін қарастыру жөнінде өтініш тастаған. Ал жергілікті билік оны халықтық дауысқа салуды жөн көреді. Тұрғындар не яхта клубының, не әкімдіктің нұсқасын таңдауы керек. Айта кетейік, әкімдік нұсқасында клубтың ғимараты мүлдем жоқ. 

Сонымен қатар, дауысқа салардан біраз бұрын қалалық әкімдікте брифинг өткен еді, сол кезде әкімдік өкілдері яхта клубының ғимаратына тиіспейміз деп мәлімдеген. Ақтау қалалық сәулет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Маңғыстау Қылышбеков ғимарат бұзылмайды, тек оның сыртқы келбетін ретке келтіру керек деген болатын. Егер ғимаратты бұзу жоспарда жоқ болса, тұрғындардың таңдауына ұсынылған эскизді жобаға неліктен яхташылар клубының ғимараты енгізілмеген деген сауал басы ашық күйінде қалды. 

Бір жылдан соң не болмақ?

Материалды баспаға дайындау барысында яхта клубы орналасқан жерді жалға алу мерзімін тағы бір жылға ұзартқаны белгілі болды. 

«Жалға беру уақытын бұдан әрі соза алмаймыз, өйткені жағалауды абаттандыру туралы жобалық-сметалық құжат қабылданған, ол бойынша бұрынғыдай 10 жылға жалға беруге мүмкіндік жоқ, – деп айтып өтті қалалық жер қатынасы басқармасының басшысы Жандос Роман

Ал бір жылдан соң қала әкімдігі мен яхта клубының басшылығы бір келісімге келе алмаса, не болатыны әзірге белгісіз. 

«Қазір біздің ешқандай құқығымыз жоқ. Су туризмінің болашағын көргің келеді, инвестор тапсақ дейміз. Бірақ жерді жалға алу келісім-шарты бір-ақ жылға жасалса, бұл жобаға кім қызығушылық танытып, қаржы құяды?» – деп сауал тастайды яхта клубының басшысы.


4058 просмотров

Сколько стоит в ВКО отправить ребенка в загородный оздоровительный лагерь

В регионе откроется почти тысяча подобных баз

Фото: Shutterstock.com

В начале июня в Восточном Казахстане стартует сезон детских летних лагерей. В этом году в регионе будут работать 990 таких оздоровительных учреждений, где в течение трех месяцев отдохнут 176 тыс. детей со всей области. «Курсив» узнал, во сколько обойдется родителям маленькое летнее приключение их ребенка и какие условия отдыха предлагают организаторы.

Больше всех

По статистике управления образования ВКО, в регионе этим летом будет функционировать около тысячи детских лагерей разных типов. Здесь и пришкольные, и туристические, и палаточные. Но именно загородных учреждений для отдыха детей со всей необходимой инфраструктурой, капитальными строениями в области насчитывается 35. И большинство из них построены на побережье Бухтарминского водохранилища, неподалеку от рек, озер, в сосновом бору. По данным Комитета по охране прав детей МОН, по количеству загородных лагерей ВКО занимает первое место в республике.

По словам руководителя управления образования ВКО Сайрангуль Жумадиловой, на организацию летнего отдыха из бюджетов городов и районов в этом году выделено 232 млн тенге, из них для Усть-Каменогорска – 24 млн тенге. Но финансовую поддержку от государства родители почувствуют только в том случае, если им удастся купить путевки в лагеря, которые частично финансируются госбюджетом.

Например, среди крупнейших загородных лагерей Усть-Каменогорска самые низкие цены на путевки в лагеря «Жiгер» и «Алые паруса», которые стоят на балансе Объединения детско-подростковых клубов (при аппарате акима Усть-Каменогорска). Бесплатно летом там отдохнут только дети-сироты и опекаемые. Для всех остальных школьников, в том числе из многодетных семей, цена недельного «билета в лето» в эти два лагеря составляет 29 тыс. тенге. По данным на конец мая путевки остались лишь на один заезд.

«В цену входит пятиразовое питание, доставка, охрана, педагогическое обслуживание и многое другое», – говорит директор Объединения детско-подростковых клубов Усть-Каменогорска Елена Деш.

Копим заранее

Ценовой диапазон на путевки в загородные лагеря в ВКО варьируется в зависимости от статуса учреждений. На сельском, районном уровне недельный отдых детей обойдется родителям от 8 до 15 тыс. тенге. В крупном оздоровительном учреждении городского или областного масштаба минимальная цена на путевки равна 29 тыс. тенге, максимальная – 70 тыс. тенге. Таким образом, среднестатистическая семья, отправляющая на отдых двоих детей, должна подготовить к началу лета 60–140 тыс. тенге. А если учитывать, что среднемесячная номинальная зарплата восточноказахстанца равна 144 тыс. тенге (по данным Комитета по статистике за I квартал 2019 года), то на эту статью расходов из семейного бюджета уйдет от 50 до 100% одной месячной зарплаты.

Условия пребывания в крупных лагерях наиболее приближены к благоустроенным городским. В корпусах есть санузлы, горячая вода. На территориях обустроены веревочные городки, спортплощадки, бассейны (если рядом нет водоема).

Чтобы понять, как изменились цены на путевки в самые крупные лагеря ВКО за последний год, «Курсив» провел сравнительный анализ, используя открытые данные за 2018 и 2019 годы. Так, в загородных оздоровительных базах отдыха для детей «Синегорье» и «Зоя», принадлежащих компании «Казцинк», стоимость двухнедельного отдыха за последний год изменилась на 1–3%. Возможность попасть в лагерь «Дарын» при одноименном региональном научно-практическом центре в этом году оценивается на 5% дороже. Путевки сюда стоят 56 тыс. тенге. В лагерях имени Сатпаева, «Горняке», «Жiгер», «Алые паруса» цена за один заезд на одного ребенка поднялась на 11–12% и составила от 29 до 69 тыс. тенге.

По словам директора лагеря имени Сатпаева «Апачи» Анастасии Ляпиной, удорожание связано непосредственно с ростом себестоимости оказания услуг. За год поднялись цены на продукты, используемые товары и т.д. Фактически рост произошел из-за инфляционных процессов.

В планах – плавать

В ближайший год количество загородных лагерей в области может быть увеличено. Так, по данным Сайрангуль Жумадиловой, выделены средства на проектно-сметную документацию капремонта базы отдыха «Чайка», что в районе Алтай на побережье Бухтарминского водохранилища. Там планируется открыть лагерь IT Land Altay, направленный не только на оздоровление, но и на популяризацию IT-профессий.

В Урджарском районе на побережье озера Алаколь хотят восстановить аварийное здание бывшего санатория МВД и сделать там детский оздоровительный лагерь. Размер необходимых вложений пока не известен.

Для летнего отдыха детей в районах предложено распространить опыт города Курчатова. Там строится крытый четырехполостный бассейн длиной 25 метров всего за 117 млн тенге. Экономичность проекта достигается за счет установки полукруглого модуля. Деньги на курчатовский бассейн выделены спонсорами. На одном из заседаний акимата глава региона Даниал Ахметов заявил, что бюджет готов выделить средства на строительство аналогичных объектов по такой низкой цене и в райцентрах.

Детские лагеря ВКО_Монтажная область 1.jpg

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Читайте нас в TELEGRAM | https://t.me/kursivkz

Вопрос дня

Архив опросов

Депозиты в какой валюте вы предпочитаете?

Варианты

d1fHAmG5BPI.jpg

almaty2019_kursiv_240×400.jpg

Цифра дня

старше 20 лет
половина продаваемых авто в Казахстане

Цитата дня

Земля должна принадлежать тем, кто на ней работает. Земля иностранцам продаваться не будет. Это моя принципиальная позиция

Касым-Жомарт Токаев
президент Республики Казахстан

Спецпроекты

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Рейтинг прозрачности крупнейших компаний Казахстана

Биржевой навигатор от Freedom Finance

Биржевой навигатор от Freedom Finance


KAZATOMPROM - IPO уранового гиганта
Новый Курс - все о мире инвестиций

Банк Хоум Кредит

Home Credit Bank


Новый Курс - все о мире инвестиций
Новый Курс - все о мире инвестиций